Мәсімов айтыстың эфирден көрсетілуіне тыйым салды – Дәулеткерей Кәпұлы (ВИДЕО)
Журналистің «Кәрім Мәсімов қамалған кезде айтыстың кегі қайтты-ау деген ой болған жоқ па?» деген сұрағына айтыскер Дәулеткерей Кәпұлы:
-->
Мен ол кезде айтыспен қоштасқан кезім болатын. Тамыз айында айтыспен қоштастым, қазан айында мораторий жариялады. Сол кезде Алматыдан Жүрсін ағамыз бар, Амангелді Ермегияев, Өмірзақ Сәрсеновтер ұшып келіп, бәрі кірген. Сол кезде Премьер-министрдің арнайы қаулысымен айтыс тоқтатылған. Және бұған дейінгі айтыстарды радионың эфирінен, «Қазақстан» телеарнасынан, «Хабардан» қайталануына мүлдем тыйым салынған, – деді ол.
Журналистің «Кәрім Мәсімов қамалған кезде айтыстың кегі қайтты-ау деген ой болған жоқ па?» деген сұрағына айтыскер Дәулеткерей Кәпұлы:
Ұсталғанда қуанған ақындар бар шығар енді. Ол ұсталды деген кезде қазақтың кегі бар ғой, тек қана айтыс емес қой, қазақтың біраз нәрсесі бар. Айтыстан жоғары тұрған дүниелер бар. Қуанышымыз жаңағы үлкен жағына кетіп қалып тұр ғой, - деп жауап береді.