Мәдениет

Қасым хан туралы фильм кинотеатрларда 12 мамырдан бастап көрсетіледі

Фильмнің алғашқы ресми трейлері жарық көрді. 

Аталған туындыда басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды.

-->

Фильмнің алғашқы ресми трейлері жарық көрді. 

Қазақ хандығы тарихында Қасым ханның алар рөлі орасан зор екені мәлім. Өйткені, өзі билік еткен уақытта Қазақстан аумағын батыста Еділге дейін, шығыста Ертіске дейін, оңтүстікте Сырдарияға дейін, Солтүстікте Тобылға дейін жеткізіп ғана қоймай, «Қасым ханның қасқа жолы» атты заң жинағын жариялаған. Көркем фильмде болашақ ханның адамгершілігі мен әскери қабілеті, көшбасшылығы айқын көрініс тапқан. Командамыздың еңбегі көрерменнің зейін қойып, ықыласпен қошеметтейтін туынды боларына үміт мол, – делінген хабарламада.

Аталған туындыда басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды.