Кітапханаларға қандай қолдау қажет
№3 балалар кітапханасының басшысы: №3 балалар кітапханасының басшысы Марал Ақтаева да балалар жазушыларын, қоғам қайраткерлерін қонаққа шақыратындарын айтады.
Балалар ақыны Серікбол Хасан балалар кітаптарын баспадан шығару қымбатқа түсетінін айтты.
P.S: Кітапхана жұмысымен танысқан кезде байқағанымыз, балаларға арналған кітаптар өте аз. Мұны кітапханашы апайлар да қайта-қайта айтты. Бұдан бөлек, кейбір кітапхана мекемелері ескі әрі шағын. Жөндеу жұмыстары мен жаңа мекемеге көшуге сұранып тұр. Қазіргі балаларға дизайны ерекше, суреті анық кітап қана емес, заманауи кітапхана да керек екенін ескерсек дейміз. Себебі қабырғасы ескі кітапханада дизайны ерекше, жаңа кітап оқып отырған баланы елестетудің өзі ақылға сыймайды…
Айзада Жайыққызы
-->Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасында кітап қоры 164 мыңнан асады. Оның ішінде 30 мың қазақша кітап бар. Кітапханада танымал кітаптардың орысша және қазақша аудармалары бар. Негізі, оқырмандарға ыңғайлы болу үшін кітаптарды әр сыныптағы балаларға, жас ерекшеліктеріне сай бөліп қойдық. Мамандыққа қарай түрлі ғылымға арналған және студенттерге пайдалы секторлар да бар.
Ересектер тарихи, классикалық кітаптарды, «Жалын», «Дәстүр», «Үркер» журналдарын оқиды. Жастар психологиялық және өздерінің мамандықтарына сай кітаптарды іздейді. Ал кішкентай оқырмандар үшін түрлі түсті көркемсуреттегі кітаптар бар. Бірақ сол кітаптардың көп шыққанын қалаймыз. Себебі кішкентай оқырмандардың сұранысына сай үш тілде, суреттері анық, 50-60 беттен аспаса, беттері шағын болса деп ойлаймын. Бізде жалпы шаралар онлайн да, офлайн да өтеді. Мысалы, қаңтар айында 82 онлайн-шара өткіздік. Оқырмандарымыз да мұндай форматқа үйренген. Серік Тұрғынбек, Толымбек Әбдірайымов, Көпен Әмірбек, Жандарбек Мәлібеков, Бейсенбай Сүлейменов, Баянғали Әлімжан, т. б. көптеген ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырдық. Әлі де көптеген шаралар жоспарлануда.
Балалар жылында ақын-жазушыларға қаржылық қолдау болса, олардың жазары да көп болар еді. Елордада тұрғындар саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Сол үшін заманауи кітапхана мен кітап қоры болса құба-құп. Осы екі мәселені атап айтқым келеді. Себебі кітапхана жас ұрпақты мәдениетке, рухани кемелдікке тәрбиелейтін «ұя» болғандықтан, оған аса мән берілуі тиіс, – дейді орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының көпшілік шараларды ұйымдастыру қызметкері Сағаткүл Сейдахметова.
№3 балалар кітапханасының басшысы: №3 балалар кітапханасының басшысы Марал Ақтаева да балалар жазушыларын, қоғам қайраткерлерін қонаққа шақыратындарын айтады.
Кітапхана саласында жиырма жылдан астам уақыт жұмыс істеймін. Біздің кітапхананың бағыты – балаларға экологиялық бағытта білім беру және тәрбиелеу. Кітапханамызда «Менің қолтаңбам» деген жоба бар. Соның аясында белгілі адамдарды, балалар жазушыларын, қоғам қайраткерлерін қонаққа шақырамыз. Айналамызда мектеп көп болғандықтан, №5, 14, 15, 18 мектеп-лицейлерімен және «Ақбөпе» балабақшасымен тығыз жұмыс істейміз. Кітап арқылы балалардың кітапханаға қызығушылығын ояту – негізгі мақсатымыз. Биыл Балалар жылына арналғандықтан, кітапхана жанынан көптеген үйірме ашылып жатыр. Енді осы жылы балалар жазушыларының, ертегілер кітап қоры көбейтілсе деп ойлаймыз. Таяуда Ескен Елубаевтың мерейтойын атап өттік. Шәкірті Серікбол Хасан келіп, өз кітабын таныстырды.
Балалар жылында ақын-жазушыларға қаржылық қолдау болса, олардың жазары да көп болар еді. Елордада тұрғындар саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Сол үшін заманауи кітапхана мен кітап қоры болса құба-құп. Осы екі мәселені атап айтқым келеді. Себебі кітапхана жас ұрпақты мәдениетке, рухани кемелдікке тәрбиелейтін «ұя» болғандықтан, оған аса мән берілуі тиіс, – дейді ол.
Балалар ақыны Серікбол Хасан балалар кітаптарын баспадан шығару қымбатқа түсетінін айтты.
Кішкентай оқырмандарды алдымен кітаптың дизайны қызықтырады. Суреті үлкен әрі көп болған сайын балалар қызыға түседі. Орыс тіліндегі кітаптар сонысымен ұтып тұр. Ресейде бізге қарағанда кітап нарығы біраз жолға қойылды. Бізде де енді-енді жақсы қадамдар жасалып келеді. Қазір балалар кітаптарын баспадан шығару әлі де қымбат. Оның үстіне балаларға жазатын авторлар, иллюстраторлар сирек. Егер еліміздегі кітап нарығы ілгерілесе, балаларға арналған кітаптарды шығару құны арзандаса, бәлкім, өзіміздің қазақша кітаптарды да кітап дүкендерінен көбірек көрер ме едік?! Шетелдік кітаптардың кейіпкерлері біздің балаларымызды баурап алып жатқаны жасырын емес. Себебі олардың насихаты күшті. Мәселен, жақсы бір мультфильм түсірілсе, соның кітабын шығарады, сондағы кейіпкердің қуыршақтарын сатылымға қояды. Сөйтіп жан-жақты насихаттайды. Бала ол кейіпкерді барлық жерден көреді, сөйтіп амалсыз алады. Бізге де осындай дүниелерді меңгеру керек, – дейді ол.
P.S: Кітапхана жұмысымен танысқан кезде байқағанымыз, балаларға арналған кітаптар өте аз. Мұны кітапханашы апайлар да қайта-қайта айтты. Бұдан бөлек, кейбір кітапхана мекемелері ескі әрі шағын. Жөндеу жұмыстары мен жаңа мекемеге көшуге сұранып тұр. Қазіргі балаларға дизайны ерекше, суреті анық кітап қана емес, заманауи кітапхана да керек екенін ескерсек дейміз. Себебі қабырғасы ескі кітапханада дизайны ерекше, жаңа кітап оқып отырған баланы елестетудің өзі ақылға сыймайды…
Айзада Жайыққызы