Али Акбар Талеби Матин: Наурыз – Иран мен Қазақстанның тарихи ортақтастығы
Наурыз мейрамы – Иран және Қазақ елдері ғасырлар бойы мерекелеп келе жатқан екі ел арасындағы маңызды ортақ мейрамдардың бірі. Наурыз мейрамы адами құндылықтарды паш етіп, сезімдермен астасқан адам мен табиғаттың үндестігі болып табылады, сондықтан ол бірнеше мың жылдар бойы жалғасын тауып, әртүрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп келеді. Наурыз мейрамы адамзат баласына бұрынғыдан да қажет жағдайда достықты нығайтуға мүмкіндік береді. Наурыздың ғасырлар бойы тойлануы және келешекте де өз жалғасын табуы - Наурыз уақыт өткен сайын әлеуметтік, саяси және діни өзгерістердің нәтижесінде ескіретін немесе өзгеріске ұшырайтын жай ғана дәстүр емес екенін көрсетеді, Наурыз шынайы және нақты адам қажеттіліктеріне негізделгендіктен, тұрақты түрде ғасырлар бойы сақталады. Наурызды қуанышты құлшылық деп сипаттау керек, жыл ауысқан мезетте бәріміз жүрегімізді Жаратушыға бұрып, кейде көзімізге жас келеді, бұл көз жасы мұңды білдірмейді. Бұл көз жасы – хабардарлық және мағрифатпен ұштасып жатқан танымның жемісі. Наурыз – адам бақытын, бейбітшілік пен альтруизмді қамтитын идея.
Ирандағы Наурыздың ең маңызды элементі Хафт-Син дастарханы болып саналады. Хафт-Cин үстелінің жеті құрамдас бөлігінің әрқайсысының мағынасы бар, мысалы алма махаббат пен сүйіспеншілікті білдіретін болса, жасыл бидай өскіндері балғындық пен сергектік сияқты құндылықтарды білдіреді.
Ғасырлар бойы ирандықтарды жаңа жылда айналасына жинап, балғындық, қанағат пен сүйіспеншілік символы ретінде кейбір жемістер мен азық-түліктерді қамтитын ирандық Хафт-Син дастарханының құрамдас бөліктері сүйіспеншілік, қанағат пен денсаулық адам өмірінің тірегі және адам бір-біріне деген сүйіспеншіліксіз бақытқа жете алмайтынын көрсетеді. 2010 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы ирандық күнтізбе бойынша фарвардин айының бірі күнін (21 наурыз) Дүниежүзілік Наурыз күні деп танып, жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымында жыл ауысу кезінде салтанатты шара өтеді.
Наурыз мейрамы жаңа жылдың басталуы ғана емес. Наурыз мерекесін тойлау арқылы біз Иранның мәдени және көне тарихындағы үш маңызды кезеңді атап өтеміз. Біріншісі – түрлі мерекелер мен қуаныштарға куә болған Иранның көне тарихы, екіншісі – Иранның көне дәстүрлері мен мәдени өмірінің бүгінгі күнге дейін сақталып, жалғасын табуы, үшіншісі – алдағы жылдар мен жақсы болашаққа үміт беретін шаттық пен қуаныш. Наурыз мерекесін тойлау арқылы біз Иран мен Қазақстанның ілгерілеуі мен өркендеуіне куә боламыз және екі халық әрқашан бейбітшілікте, тыныштықта, қуаныш пен бақытта өмір сүріп, олардың әр күндері жеңісті болсын деп тілеймін.
-->Наурыз мейрамы – Иран және Қазақ елдері ғасырлар бойы мерекелеп келе жатқан екі ел арасындағы маңызды ортақ мейрамдардың бірі. Наурыз мейрамы адами құндылықтарды паш етіп, сезімдермен астасқан адам мен табиғаттың үндестігі болып табылады, сондықтан ол бірнеше мың жылдар бойы жалғасын тауып, әртүрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп келеді. Наурыз мейрамы адамзат баласына бұрынғыдан да қажет жағдайда достықты нығайтуға мүмкіндік береді. Наурыздың ғасырлар бойы тойлануы және келешекте де өз жалғасын табуы - Наурыз уақыт өткен сайын әлеуметтік, саяси және діни өзгерістердің нәтижесінде ескіретін немесе өзгеріске ұшырайтын жай ғана дәстүр емес екенін көрсетеді, Наурыз шынайы және нақты адам қажеттіліктеріне негізделгендіктен, тұрақты түрде ғасырлар бойы сақталады. Наурызды қуанышты құлшылық деп сипаттау керек, жыл ауысқан мезетте бәріміз жүрегімізді Жаратушыға бұрып, кейде көзімізге жас келеді, бұл көз жасы мұңды білдірмейді. Бұл көз жасы – хабардарлық және мағрифатпен ұштасып жатқан танымның жемісі. Наурыз – адам бақытын, бейбітшілік пен альтруизмді қамтитын идея.