Елордада Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған ән кеші өтті
Кешке Алтынбек Қоразбаев, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Бағдат Сәмединова, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Иманбаева, Құрмаш Махан, Мәдина Садуақасова, Жұбаныш Жексенұлы, Тамара Асар, Айгүл Қосанова, Рухия Байдүкенова, Әлібек Әлмадиев, Зарина Баженова, Татьяна Ким,Үрбибі Бағланова сынды өнерпаздар қатысып, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән салды.
Олар «Ах, Самара – городок», «Әдемі-ау», «Бәрінен де сен сұлу», «Сәулем-ай», «Іңкәрім-ай», «Ақтамақ», «Сыр гүлі» атты әндерді құлақ құрышын қандыра орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Естеріңізге сала кетсек, Роза Бағланова 1922 жылғы 1 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы қаласында дүниеге келген. Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде бастаған. Сол ансамбльмен ІІ дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсеткен. Роза Бағланова майдан шебінде қойған концерттерінің құрметіне «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен екі мәрте марапатталған. Марапатты атақты әскери қолбасшылар К.К. Рокоссовский мен И.С.Коневтердің өздері табыстаған.
1946 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық эстрада әншілері байқауының дипломанты, 1949 жылы Бухарестте өткен Жастар мен студенттердің ІІ Бүкілдүниежүзілік фестивалінің лауреаты аталған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, «Шапағат» медалімен наградталған. Әншіге 1996 жылы Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілген.
-->Кешке Алтынбек Қоразбаев, Сұлушаш Нұрмағамбетова, Бағдат Сәмединова, Елмұра Жаңаберген, Айгүл Иманбаева, Құрмаш Махан, Мәдина Садуақасова, Жұбаныш Жексенұлы, Тамара Асар, Айгүл Қосанова, Рухия Байдүкенова, Әлібек Әлмадиев, Зарина Баженова, Татьяна Ким,Үрбибі Бағланова сынды өнерпаздар қатысып, «Астана» эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән салды.
Олар «Ах, Самара – городок», «Әдемі-ау», «Бәрінен де сен сұлу», «Сәулем-ай», «Іңкәрім-ай», «Ақтамақ», «Сыр гүлі» атты әндерді құлақ құрышын қандыра орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Роза Бағланова – нағыз аңыз адам. Ол кісіні қазақ музыка өнерінің бүтін бір дәуіріне, бүтін бір тарихына балауға болады. Біз үшін Роза апамызды еске алуға арналған концертте өнер көрсету – үлкен абырой. Бүгін біз халықтың сүйікті әндеріне айналып кеткен композицияларды орындадық. Шынымды айтсам, дәл бүгін Роза апамыздың рухы жанымызда жүргендей сезініп тұрмын, бәлкім, залда орнаған ерекше атмосфераның әсері болар, – деп ағынан жарылды әнші Айгүл Иманбаева.
Бүгінгі концертте құдды балалық шағыма түсіп кеткендей әсерде жүрмін. 2007 жылы бала күнімде мен Роза Бағланованың концертінде өнер көрсеткен едім. Аңыз адаммен бір сахнада өнер көрсету бұйырғанына шексіз қуанамын. Қазір Роза апамыздың өзі арамызда жоқ болғанымен, ол кісі туралы естеліктер халық жадында мәңгі қалады, – дейді әнші Әлібек Альмадиев.