Мәдениет

16 наурыз - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында аталған күннің маңызы туралы жазылды, деп хабарлайды Elorda.info.

-->

Жаһандану дәуірінде ұлтты ерекшелейтін басты белгілердің бірі – мәдениет пен өнер. Мәдениет азаматтардың мінез-құлқына, қоғамдық сана мен моральдық-этикалық нормалардың қалыптасу процесіне әсер етеді. Өнер болса ұлт құндылықтарының басты нышанын айқындайды.

Гуманистік әлеуеті бар қазақ мәдениеті қазіргі қоғамды ортақ құндылықтар аясына топтастырып, халқымызды біріктіретін діңгегіміз.

Қазіргі таңда Қазақстанда мемлекеттік құрылым процесі егемендігіміздің нығаюына әкелген кезде салт-дәстүрлерді қайта жаңғыртудың маңызы зор. Сондықтан 16 наурыздың тақырыптық мазмұны мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған. Бұл ата-бабаларымыздың рухани және мәдени тыныс-тіршілігін толық сезінуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.