Елордада Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті
Кеш филармонияның классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің ұйымдастыруымен көрерменге ұсынылды.
Бөлімнің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Арайлым Рахымқызы.
Ақынның мәңгілік асыл мұраға айналған әсем әндері жанды дауыста орындалып, жалынды жырлары жатқа оқылған концертте халық жүрегінен терең орын алған шығармалар ұсынылды.
«Есіңе мені алғайсың» музыкалық-поэзиялық кеште елімізге белгілі филармония әншілері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Ильясова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Медет Салықов, Клара Төленбаева, Азамат Жылтыркөзов, Қанат және Света Айтбаевтар, Гүлнұр Оразымбетова, Алтынай Жорабаева, Арайлым Рахымқызы, Сүндет Байғожин, Елена Әбдіхалықова, халықаралық байқаулардың лауреаттары Зарина Омарова, Ақбота Құснадин, Әкімхан Маженов, Мұратбек Хайролда, Диана Май, Салтанат Серкебаева, Нұрбол Балапанов, Парасат Отан, Талғат Аллабиринов, Әйгерім Ораз, Айдын Жұмабай, Сәулежан Тағзия, Әсет Әлжанов, «Айналайын» балалар хоры мен «Alem» эстрадалық би ансамблінің және ҚР еңбек сіңірген қайраткері, танымал актер Жанқалдыбек Төленбаев (Мұқағали образында) өз өнерлерін көрсетті.
-->Кеш филармонияның классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің ұйымдастыруымен көрерменге ұсынылды.
Бөлімнің көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Арайлым Рахымқызы.
Ақынның мәңгілік асыл мұраға айналған әсем әндері жанды дауыста орындалып, жалынды жырлары жатқа оқылған концертте халық жүрегінен терең орын алған шығармалар ұсынылды.
Кештегі біздің мақсатымыз – келешек ұрпақ бойына Мұқағали өлеңдеріндегі адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіру арқылы ұлттық тәрбие беру, ақиық ақынның рухани мұраларын тағы бір мәрте жаңғырту және музыкамен поэзияны ұштастыра отырып көрерменге керемет кеш ұсыну, деді А.Рахымқызы.