Мәдениет

Қазақстандық бозбаланың әні TikTok-та трендке айналды

TikTok-та бұл трекке 200 мыңнан астам видео түсірілген, ал YouTube-тағы қаралым саны төрт миллионнан асқан.

Әннің авторы – Нұрмұхаммед Жақып. Оның әкесі Ибрахим Жақып – танымал әнші, баласының продюсері де – осы кісі.

Нұрмұхаммедтің әндері әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін оны түрлі бағдарлама, концерттерге шақыра бастады. 2018 жылы Нұрмұхаммед «Ана» атты әнмен көпшіліктің жүрегін жаулаған болатын. Сол кезден бастап ол туралы Ресейде де айта бастады. Нұрмұхаммедті Андрей Малаховтың «Сәлем, Андрей!» бағдарламасының талантты балаларға арналған шығарылымына шақырған болатын.

Жас орындаушының репертуарында 50-ден астам композиция бар екен.

-->