Елордалық жас режиссерлер Алматы трагедиясы туралы әлеуметтік ролик түсірді
Роликті толық түсіріп, жасап шығуға үш аптадай уақыт кеткен. Директорлар ұсынысына бүкіл ұжым бірден үн қосып, тегін жұмыс істеуге келісті. Қазбек Рүстембеков бейнероликтің негізгі идеясы билік пен халықты адамгершілікке шақыру екенін айтты. Ролик полиция қызметкерінің призмасы арқылы көрсетілген оқиғаға негізделген.
Фильмді түсіру бюджетін краудфандинг арқылы қамқор азаматтар жинап берген. Нәтижесінде, қысқа мерзімде 465 мың жиналған. Көмек көрсеткен азаматтарды авторлар видеоның титрында көрсеткен.
-->Роликті толық түсіріп, жасап шығуға үш аптадай уақыт кеткен. Директорлар ұсынысына бүкіл ұжым бірден үн қосып, тегін жұмыс істеуге келісті. Қазбек Рүстембеков бейнероликтің негізгі идеясы билік пен халықты адамгершілікке шақыру екенін айтты. Ролик полиция қызметкерінің призмасы арқылы көрсетілген оқиғаға негізделген.
"Біз, жас кинорежиссерлар, оқиғаның ауыртпалығын түсінеміз. Бұдан кейін жаңа қоғамның қандай болатыны әрқайсымызға байланысты. Дәл қазіргі сәтте құқық қорғау қызметкерлерінің әділеттілік танытуы және халықтың адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауы маңызды", - деді авторлардың бірі.
Фильмді түсіру бюджетін краудфандинг арқылы қамқор азаматтар жинап берген. Нәтижесінде, қысқа мерзімде 465 мың жиналған. Көмек көрсеткен азаматтарды авторлар видеоның титрында көрсеткен.
"Елорданың үздік мамандары түсірілімге көмектесуге келісті. 40 адам тегін жұмыс істеді. Бұл мемлекеттік тапсырыс емес, бәрін өз ынта-жігерімізбен жасадық. Қаржылық жағынан үн қатып, түсірілімге көмектескендердің барлығына алғыс айтамын", - деді Рүстембеков.