Күмбездер мен мұнаралар елі
Әлемдегі ең үлкен әуежай
Яғни бір қаланың өзінде барша Қазақстан халқы өмір сүріп жатыр деген сөз. Азия мен Еуропаның қақ ортасында орналасқан Ыстанбұл – тоғыз жолдың торабы. Сондықтан да шығар, туристер көп келетін әлем қалаларының ішінде үздік бестікке кіреді. Біз ең әуелі осыдан 3 жыл бұрын ғана ашылған Ыстанбұл әуежайына тағы бірнеше сағатқа аялдадық. Әуежай іші атшаптырым жер. Жылына 200 млн адамға дейін қабылдайды. Бұл трафик бұған дейін әлемде ең үлкен әуежай болып саналып келген АҚШ-тың Атлантадағы әуежайдан екі есе асады. Ауданы – 1,3 млн шаршы метр, 3500 ұшақты қабылдауға қауқары жетеді.
Пайғамбарлар қаласы
Қарашаның қысынан құтылып, Шаңлыурфаның қара топырағына табанымыз тиді. Бізді бұл өлкеге шақырған Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі «Қазақтар тек қана Анталия мен Анкарада қыдыра бермей, тарихи орындарымызды да көрсін» десе керек. Ұшақта бірге келген шаңлыурфалық азамат қайдан, не үшін келгенімізді сұрап таңғалды. Айтуынша, бұл өңірге шетелдік туристер аз келеді екен. Осылайша Ыстанбұлдың алып әуежайынан Шаңлыурфаның шағын әуежайына топ ете қалдық. Қала біз ойлағаннан да үлкен болып шықты. 2,5 миллион халық тұрады. Әуежайдан Шаңлыурфаның орталығына дейін апаратын жол бойы фисташкамен, пальмамен көмкерілген. Урфаның фишкасы – фисташка. Олай дейтін себебіміз, қарапайым халық мақта мен фисташка өсірумен айналысады. Ең дәмдісі де осы жерде. Сирия мен Түркияның шекарасынан небәрі 80 шақырым жатқан Шаңлыурфа – оңтүстік-шығыс Анадолының жан саны ең көп қалаларының бірі. Орта ғасырларда франктер қаланы Эдесса деп атаса, ал Сирия жазушылары Урха/Орхо деп атаған. Кейін қала Урфа атанды. Күрд тілінде қала атауы – Риха. Француз басқыншыларына қарсы азаттық үшін соғыста қала тұрғындарының көрсеткен ерлігіне Урфа атауына Шаңлы (қазақша даңқты) қосымша атауы жалғанады.
Шаңлыурфа ескі дәуірлерде құрылған және үш үлкен дінде аты кездесетін пайғамбарлардың осы жерде өмір сүруі себепті «Пайғамбарлар қаласы» деп аталған. Танымал араб тарихшысы Әбул Фараждың айтуынша, Шаңлыурфа топан судан кейін жер бетінде құрылған жеті елді мекеннің алғашқысы және ең маңыздысы болған. Шаңлыурфа өңірінде Әзіреті Адамның егіншілікпен айналысқанына, Әзіреті Ибрахим, Әзіреті Айюп, Әзіреті Шуайп, Әзіреті Ильяс, Әзіреті Лут сияқты пайғамбарлардың өмір сүргеніне де сенім күшті. Әзіреті Исаның қол орамалы Шаңлыурфадан табылғандықтан, христиандар бұл жерді «Дир-Месих» (Христос мекені) деп атаған.
Бақытты балықтар
Біз Түркістанды қандай киелі санасақ, түріктер де Шаңлыурфаны «рухани астана» санайды. Сол себепті Ибрахим пайғамбар дүниеге келген үңгірге зиярат етіп келушілер қарасы қалың. Олар ең бірінші «Балықты көлге» барып, балықтарға жем береді. Жергілікті тұрғындар бұл көлдің балықтарын жемейді. Өйткені Ибрахим алейһиссаламның отқа тасталуы Құран Кәрімнің «Саффат» және «Әнбия» сүрелерінде жазылған. «Саффат» сүресінің 97-аятында: «Кәпірлер арнайы бір ғимараттың ішінде от жағып, Ибрахимді ішіне тастаңдар деді» делінген. Бірақ ол отқа тасталған кезде от гүл бақшасына айналады. Бір аңызда «ішінде от жанған ғимарат су айдынына айналған» деп көрсетілген. Осылайша отындар да балықтарға айналыпты-мыс.
Құм үйлер немесе Харран
Түрік жұртының байырғы өркениеті мен өмірін көргіңіз келсе Харранға барыңыз. Бұл жақтың халқы уақытқа бағынбайды. Ежелгі дәстүрлерін сақтап, егіншілікпен айналысып келе жатқандарына мыңдаған жылдар болған. Атадан қалған Харран үйлерді қайта жаңғыртқанымен де, ұлттық киімдерін тастамай жүргендерімен де туристерге қызық. Харран деп отырғанымыз – кәдімгі ауыл мен бүгінгі өркениеттің тоғысқан жері. Бұл жерде шошақ төбелі үйлер сақталған. Тұрғындардың соңғылары осыдан қырық жыл бұрын тұрыпты. Археологиялық қазба жұмыстарында табылған сына жазуларға қарағанда, «Харран» деген атау 4 мың жылдан бері өзгеріске ұшырамай келеді. Шумер және Аккад тілінде «саяхат, керуен» немесе «тоғысқан жолдар» деген мағынаны білдіреді. Атына сәйкес Харран маңызды сауда жолдары тоғысқан бір аймақта орналасқан. Анадолы мен Месопотамия арасындағы сауда керуендері мыңдаған жыл бойы Харран арқылы жүріп, осы тарихи қалада бай бір мәдениет тәжірибесін қалыптастырған. Ғылымда, өнерде, әсіресе пәлсапа саласында жетілген қала болған. Қазіргі таңда әлемнің 3 үлкен пәлсапа ағымының бірі «Харран ағымы» деп аталады. Алғашқы ғасырлардан бері болмысын сақтаған Харран университетінде әлемге танымал көптеген ғалым білім алған. Біз барған конус пішінді күмбезді үйлерімен атағы шыққан Харранда тұңғыш Ислам университеті мен Эмевилер кезінен қалған ұлы мешіт болған. Түрік-ислам мемлекеттеріне мекен болған Харран 1260 жылдары Моңғол шапқыншылығынан кейін сән-салтанаты мен жарқын күндерінен айырылыпты. Дәл осындай Харран әлемде тек үш жерде бар. Италияда, Сирияда және Сириядан 15 минуттық жерде орналасқан Шаңлыурфада.
Аспан астындағы музей
Тіршілікті Тигр мен Евфрат өзендерінен басталды десек, біз жүрген Шаңлыурфа дәл сол жерде орналасқан. Тасын түртсең, тарих сыр шертеді. Адамзат алғашқы ғибадатхананың қабырғасын тұрғызған кезде Жер беті қалың мұз құрсауында болған. Түркиядағы Көбекті төбе (Гёбекли-Тепе) ғибадатханасы осыдан 12 мың жыл бұрын көтерілген. Түркия ЮНЕСКО-ның әлемдік жәдігерлерінің қатарына енген Көбекті төбе кешенін сақтап, келер ұрпаққа жеткізу үшін барлық жағдайды жасапты. Бірінші музейдегі жәдігерлермен танысып, ертеңі алыс болса да сол жерлерді көзімізбен көріп қайттық. Көбекті төбе маңайындағы қазба жұмыстары ширек ғасырдан бері жалғасып келе жатыр. Дегенмен әлі күнге дейін жұмбағы шешілер емес. Себебі адамзат тарихындағы алғашқы ғибадатхана обсерватория болуы да мүмкін. Алғаш рет 1963 жылы Ыстанбұл және Чикаго университеттерінің мамандары зерттеген. 1995 жылы Неміс археологиялық институты мен Шаңлыурфа музейінің бірлесіп жүргізген қазба жұмыстары кезінде биіктігі 3-6 метр болатын Т-тәріздес стелалар табылған. Оларда неолит дәуіріне жататын жыртқыш аңдар бейнеленген.
Осы далаға қарап біздің Берел мен Шілікті қорғандары есіме түсті. Түріктер аспан астынан музей ашып, туристерді тартып жатыр. Ал біз сондай қорымдарды қараусыз қалдыра саламыз. Ең лайықты деген Берелдің музейлену процесін Көбекті төбемен салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Түріктер кішігірім ЭКСПО-ға айналдырып, 3D экрандарда бүкіл тарихын сөйлетіпті.
Бізді ертіп жүрген жолсеріктер тау-тасты алаңсыз аралатты. Осылайша түріктің қаласынан шығып, даласын да кездік. Түске дейін Көбекті төбеде болсақ, түстен кейін Қарахан төбеге (Қарахантепе) келдік. Шаңлыурфа – провинциядағы ең көне жерлердің бірі. Тарихи орынды зерттеу үш жыл бұрын ғана басталған. Археологиялық ескерткіштің сыры әлі ашылмаған. Ғалымдар болжам айтуға да асығар емес. Бірақ қазба кезінде шыққан дүниелер өте қызық. Адам кескініне қарасақ, моңғолды еске түсіреді. Оны ғалымдар да жоққа шығармайды. Заманында ит тұмсығы өтпес орман болған өңірде қазір жұрт тек мал бағады. Бірақ су мәселесі өте қиын. Өмір нәрін табу үшін 20-25 шақырым жер жүруге мәжбүр. Алайда жақын уақытта қазба орны ашық аспан астындағы музейге айналады. Сол кезде туристер ағылады деп отыр. Ол негізсіз емес. Түрік мемлекеті қажетті инфрақұрылымды ретке келтіруді бастап кеткен.
Су астында қалған қала
Мектепте тарихтан оқыған Евфрат өзенімен жүріп келеміз. Үш елді кесіп өтетін өзеннің жан-жағын тау қоршапты. Біз сияқты кемемен жүрген халық та көп. Тарихы бай Халфети қаласы дүние жүзіне қара раушан өсетін жалғыз қала ретінде танымал. Дегенмен қара раушан қалаға қайғы болып жабысқандай. 1990 жылдан бері Түрік үкіметі өзеннің осы аралығын бөгеп, бірнеше су қоймасын салған. Төменгі жағына СЭС көтерген. Нәтижесінде Бирежик елді мекені су астында қалды. Мұндайды түріктер қалт жіберуші ме еді?! Туристік маршрут жасап, кіріс көзіне айналдырып алыпты. Су астына батқан қала мен мұнарасы ғана шығып тұрған мешітті көруге қаншама турист келуде. Су қоймасын жағалай ежелгі қоныстарды көруге болады. Антикалық банк, қоныс ретінде пайдаланған үңгірлер сақталған. Түркиядағы түрлі діндер бірге тұрып, жасаған жер.
Символға айналған сыған қызы
Газиантептегі әлемге әйгілі Зеугма мозаика мұражайы жайлы естуіңіз бар ма? 2011 жылы ашылғанына қарамастан, дүние жүзіндегі ең ірі мозаика мұражайы оңтүстік-шығыс Түркияның басты мәдени орындарының біріне айналуда. Мұнда Евфрат өзенінен қазылып алынған көне дәуір мозаикалары көпшілік назарына ұсынылған. Аумағы – 1700 шаршы метр. Бір ерекшелігі, әдетте, бозғылт тартып тұратын суреттерге су тисе түсі қанығып, ғажап картинаға айналып шығады. Ішіндегі ең ғажабы – сыған қызының келбеті. Бүгінде бұл мұражай шетелдік ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр. Ал сыған қызы Газиантеп қаласының символына айналған.
Осылайша Түркияның мәлім де беймәлім қырларын көріп қайттық. Байқағанымыз, Урфада болсын, Ыстанбұлда болсын әр бұрышынан аспанға қол созған биік мұнаралар мен күмбездер бірден көз тартады. Ал қалада түрік тағамдарын әзірлейтін мейрамханалар мен шағын кафелер өте көп. Бұл жерден түріктің «Ескендір Кебаб», «Адана Кебаб», «Кофте» сынды ұлттық тағамдарынан дәм тата аласыз. Қасымызда жүрген қырғыз ағайынның журналисі: «Көз тұрғанда сөзге орын жоқ» деп еді. Әңгімемізді осы жерден қайырып, суреттерді сөйлетуді жөн көрдік…
Көктем Қарқын
-->Әлемдегі ең үлкен әуежай