Елордада Абайдың үш тілге аударылған "Қара сөздері" жарыққа шықты
Аталмыш кітап ПЕН-клубтың «Біз қазақпыз...» деген атаумен жарық көрген қазақ жазушылары классиктері кітаптар топтамасының жалғасы болып табылады. Соңғы жылдары Халықаралық қазақ ПЕН-клубы АҚШ пен Англияда қазақ классиктерінің оннан астам кітабына көркем аударма жасау және басып шығару жұмыстарын ұйымдастырды.
Абайдың “Қара сөздерін” үш тілде шығару бастапқыда ПЕН-клуб президенті Бигелді Ғабдуллиннің идеясы еді, ол қазақ жазушылары шығармаларын ағылшын тіліне аудару арқылы қазақ әдебиетін әлемдік аренада насихаттауды көздеді.
Ал еңбекті аудару және басып шығару ісіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен әкімдік жанындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қолдау білдірді.
“Қара сөздердің” орыс тіліндегі көркем аудармасын ақын Ербол Жұмағұл жасаған. Ал ағылшын тіліндегі аударманың авторы – әйгілі ағылшын аудармашысы Саймон Гейган (Simon Geoghegan).
Кітаптың көркем безендіруін және дизайнын Мадина Ниязбаева мен Бибігүл Дүйсетай жасады.
-->Аталмыш кітап ПЕН-клубтың «Біз қазақпыз...» деген атаумен жарық көрген қазақ жазушылары классиктері кітаптар топтамасының жалғасы болып табылады. Соңғы жылдары Халықаралық қазақ ПЕН-клубы АҚШ пен Англияда қазақ классиктерінің оннан астам кітабына көркем аударма жасау және басып шығару жұмыстарын ұйымдастырды.