Елордадағы инклюзивті театр ым-ишара тіліндегі тағы бір туындыны сахналады
Ертегіде кербез де жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Көрші тұратын лақ пен қозыға тиесілі баспананың шатыры тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан тесіліп тынады. Жалқау лақ өз баспанасын жөндемей, орманнан басқа баспана іздеп жолға шығады. Ал іскер де еңбекқор қозы шатырын қалпына келтіруге білек сыбана кіріседі. Қалың орман ішінен үй іздеген лақ жолдан түлкі мен қасқырға жем болуға шақ қалады. Қайырымды аюдың көмегімен аман қалған ол орманнан үлкен сабақ алып, өз үйіне оралады. Достыққа адал, еңбекқор қозы лақ қайта оралғанша өз үйімен қатар лақтың да баспанасын бабына келтіріп қояды.
Ертегіде Гүлраушан Жаханша, Алмат Теңізбай, Анастасия Бавтрук, Еламан Бектұрсынов, Даниялбек Байдавлет, Ваха Джабраилов, Ануар Қайролла секілді актерлер өнер көрсетті.
Ертегінің қоюшы режиссері – ҚР Мәдениет саласының үздігі Бейбіт Құсанбаев, ал қоюшы-сурдоаудармашы – ҚР Мәдениет саласының үздігі Сәуле Тұрлыбекова.
Бүгінде ерекше театрдың 20 шақты әртісі бар. Оның қатарында 8 есту қабілеті нашар жан, 5 арбадағы жан, 3 көру қабілеті төмен және 2 ДЦП-мен (балалардың целебралды сал ауруы) диагнозы бар ерекше әртіс, сондай-ақ, сурдо аудармашы маманы бар. Инклюзивті театрда актер болу оңай емес. Сахна кеңістігін шарлау үшін нашар көретін әртістер қадамдарды нақты есептейді. Ал естімейтіндер сахнаның діріліне назар аударады, олар да есеп жүргізеді.
Инклюзивті театрдың мақсаты – физиологиялық ерекшеліктері бар адамдардың талантын ашу, оларды сахнада жұлдыздай жарқыратып, қоғам ұзақ уақыт бойы байқамаған мүмкіндіктерін жүзеге асыруға түрткі болу. Осылайша, сахнада көру, есту, сөйлеу проблемалары бар адамдар, сондай-ақ арбамен жүретін адамдар өнер көрсетеді. Театр базасындағы ерекше адамдар сахналық өнермен, хореографиямен айналысады, мәдени іс-шараларға белсенді қатысады.
-->Ертегіде кербез де жалқау лақтың бастан кешкен оқиғасы баяндалады. Көрші тұратын лақ пен қозыға тиесілі баспананың шатыры тоқтаусыз жауған жаңбырдың салдарынан тесіліп тынады. Жалқау лақ өз баспанасын жөндемей, орманнан басқа баспана іздеп жолға шығады. Ал іскер де еңбекқор қозы шатырын қалпына келтіруге білек сыбана кіріседі. Қалың орман ішінен үй іздеген лақ жолдан түлкі мен қасқырға жем болуға шақ қалады. Қайырымды аюдың көмегімен аман қалған ол орманнан үлкен сабақ алып, өз үйіне оралады. Достыққа адал, еңбекқор қозы лақ қайта оралғанша өз үйімен қатар лақтың да баспанасын бабына келтіріп қояды.