Бір ғасыр бұрын шыққан Абайдың кітабы жаңғыртылды
Жаңарған нұсқасы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне табысталды. Осы орайда аталмыш кітапты Семей қаласынан арнайы алып келіп, жаңғыртпасын жасауға мұрындық болған мекеменің әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы Айнұр Жарахметова екен.
Ал көне туындының тарихына тоқталар болсақ, Абайдың қазасынан (1904 жыл) кейін туыстары мен балалары ақынның мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскен. Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылы жазғасалым ақынның өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Тапқандарын Мүрсейіт Бікеұлының қолына беріп, әдемілеп көшіртеді. Ескіше құсникөркем жазудың хас шебері Мүрсейіт молда арнайы тігілген қоста отырып, бір айда көшіріп шыққан, дейді абайтанушы мамандар.
Жинақта Абай өлеңдері 17 бөлікке топтастырылып, әрбір бөлікке: «Халық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой туралы» т.б тақырып беріліпті. «Ақын шығармаларын бұлай жіктеу шартты түрде болса да тақырыбына қарай топтап бастыру сол замандағы оқырман қауымға Абайдың ақындығын таныту жолын жеңілдету мақсатынан туған болатын», деп тұжырым жасапты үлкен ғалым Қайым Мұхаметқанұлы.
Осылай бір ғасырдан астам уақыт қол тимеген кітапты елордалық жаңғыртушы мамандар бір айдың ішінде реставрациялап шығыпты.
-->Жаңарған нұсқасы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне табысталды. Осы орайда аталмыш кітапты Семей қаласынан арнайы алып келіп, жаңғыртпасын жасауға мұрындық болған мекеменің әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы Айнұр Жарахметова екен.
Ал көне туындының тарихына тоқталар болсақ, Абайдың қазасынан (1904 жыл) кейін туыстары мен балалары ақынның мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскен. Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылы жазғасалым ақынның өлеңдерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Тапқандарын Мүрсейіт Бікеұлының қолына беріп, әдемілеп көшіртеді. Ескіше құсникөркем жазудың хас шебері Мүрсейіт молда арнайы тігілген қоста отырып, бір айда көшіріп шыққан, дейді абайтанушы мамандар.
Жинақта Абай өлеңдері 17 бөлікке топтастырылып, әрбір бөлікке: «Халық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой туралы» т.б тақырып беріліпті. «Ақын шығармаларын бұлай жіктеу шартты түрде болса да тақырыбына қарай топтап бастыру сол замандағы оқырман қауымға Абайдың ақындығын таныту жолын жеңілдету мақсатынан туған болатын», деп тұжырым жасапты үлкен ғалым Қайым Мұхаметқанұлы.
Осылай бір ғасырдан астам уақыт қол тимеген кітапты елордалық жаңғыртушы мамандар бір айдың ішінде реставрациялап шығыпты.
«Бізге жеткенде кітаптың сыртқы мұқабасы тозып жоғалған, қағазы үлбіреп шашылуға шақ қалған, тігістері сөгілген өте нашар күйде болды. Жұмыс барысында реставрацияның барлық жаңа технологиялары қолданылды. Оны толық қылшылдық бейтараптау, таза былғары қолдану арқылы, мраморлық қағазбен қолдап, түбі классикалық әдіспен тігілді», - дейді реставратор маман Жансерік Бейсенқұлов.