Астаналық филармония полиция өкілдеріне арнап концерт қойды
Полиция қызметкерлеріне арналған музыка кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қанат және Света Айтпаевтар, Алтынай Жорабаева, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Естай Мұқашев, “Дарын” жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапанов, Алтынбек Әбілда, Рухия Байдүкенова, республикалық және халықаралық байқаулардың жүлдегерлері Алтыншаш Мұқатаева, Мұратбек Хайролда, Талғат Алаберинов, Алтынбек Арыстанбек, Ержан Тоқсабанов, “Әлем” эстрадалық би ансамблі, құрметті қарауыл ротасы және “Айналайын” балалар хоры өз өнерлерін паш етіп, кеш қонақтарын әдемі әсерге бөледі.
Әртістер отандық композиторлардың танымал әндерін орындады. Атап айтсақ, кеште «Туған ел», «Сардарлар маршы», «Ұлы дала», «Атамекен» атты патриоттық әндер мен «Синяя вечность», «Аймын мен», «Жүрегiм менiң» атты лирикалық әуендер шырқалды. Көрермендер әнге қосылып, өнерпаздарға ыстық ықыласын аямады.
-->