Мәдениет

Cтуденттер арасындағы республикалық мүшәйраның жеңімпаздары анықталды

Еске сала кетсек, республика бойынша студенттер арасында қатарынан үшінші рет өткізіліп отырған бұл шара дәстүрге айналған. Ал бүгінгісі «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КеАҚ Басқарма төрағасының жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының докторы Ж. Құсайынованың құттықтау сөзімен ашылды. Cондай-ақ гуманитарлық факультеттің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Б. Аяпбергенов жас таланттарға сәттілік тіледі.

Мүшәйраға Атырау, Маңғыстау, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Шымкент, Өскемен, Семей жане тағы басқа өңірлердегі жоғары оқу орындарының 50-ге жуық талантты студенттерінен өтінім қабылданған. Олардың өлеңдерін сараптамалық комиссия мүшелері – Elorda.info сайты бас редакторының орынбасары, ақын Еркеғали Бейсенов (төраға), «Абай» телеарнасының продюсер-редакторы Гауhар Төлекбай, «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» КеАҚ баспасөз орталығының маманы Бердібек Қабай, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі Ардақ Тілеулесова оқып шығып, өз бағаларын берді.

Сонымен, барлық шығармалар ішінен мазмұны, ұйқасы, стилі келіскен 13 студенттің өлеңі іріктеп алынды. Атап айтқанда, Бас жүлдені (100 мың теңге) Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің 2-курс студенті Бергенбек Азатбек жеңіп алды.

Ал 1-орынды (70 мың теңге) Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенті Азамат Әбуов иеленсе, 2-орынды (50 мың теңгеден) Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Әйгерім Оңғарбаева мен Қазақ ұлттық өнер университеті Дәстүрлі музыкалық өнер факультетінің 2-курс студенті Жантас Еркін бөлісті.

Сондай-ақ 3-орынға (20 мың теңгеден) 3 қатысушы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенті Айбар Рамазанов, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Топырақтану және агрохимия мамандығының 3-курс студенті Азат Мұхамейұлы және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенті Әли Бекмұханбетов лайық деп танылды. Қалған 6 студентке ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Осы орайда ұйымдастырушылар шараның жоғары деңгейде өтуіне белсенді үлес қосқан гуманитарлық факультеттің деканы Б. Аяпбергеновке, кафедра меңгерушісі А. Тілеулесоваға, кафедра доценті Т. Тоқсанбаеваға және кафедра аға оқытушысы Д. Бисмильдинаға алғыс білдірді.

-->