Мәдениет

«ТеатрALL» фестивалі аясында 20-дан астам қойылым сахналанады

Жалпы фестивальге елордалық 12 ұжым және Ресейден шақырылған құрметті қонақтар – Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры және С.Образцов атындағы мемлекеттік академиялық орталықтың қуыршақ театры қатысады. Конференцияда алғашқы болып сөз алған қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов елорданың мәдени өміріндегі жаңалықтар мен театр фестивалінің маңызына тоқталды.

Фестиваль аясында «Жастар» театрының, «Astana Musical» мемлекеттік театрының, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының, музыкалық жас көрермен театрының, «Наз» мемлекеттік би театрының, А. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының, М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының, қуыршақ театрының, Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының, «А.И.» театрының, «Современник» халықтық жастар театрының әртістері өз қойылымдарын көрсетеді. Сондай-ақ фестивальге Қазақстанда алғаш рет ашылған инклюзивті «Қанаттылар» театры қатысады.

Театр апталығы шеңберінде 20-дан астам қойылым көрермен назарына ұсынылады. Мемлекеттік академиялық неміс драма театрының көркемдік жетекшісі Наташа Дубстың актерлік шеберлік бойынша шеберлік сыныптары, Лейла Махаттың бейнелеу өнері галереясының және «BYterekte» қазіргі заманғы өнер көрмелері... Жалпы, 30-дан астам іс-шара өткізіледі.

Сонымен қатар фестиваль барысында «Қазақстанның заманауи театр процесі: мәселелері мен оларды шешу жолдары» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты мақсаты – театр ұжымдарының шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту, театр мектебінің дәстүрлерін сақтау және жаңа заманауи сахна тілін іздеу.

Сонымен қатар фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі кезінде, яғни 1 қараша күні Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «ТеатрALL» бірінші театр сыйлығы табысталады. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылы сараптамалық кеңестің шешімімен 30 номинация бекітілді.

Фестивальдің сараптамалық кеңесінде Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі өнер қайраткерлері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Театрлары қауымдастығының президенті Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Талғат Теменов, өнертану докторы, профессор, театр сыншысы, Халықаралық театр сыншылары қауымдастығының президенті Лаша Чхартишвили (Грузия), театр және әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әлия Бөпежанова, өнертану ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры Тойған Ізім, өнертану кандидаты, профессор, театр сыншысы, Қазақстанның халықаралық театр сыншылары қауымдастығының президенті, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Театр тарихы мен теориясы» кафедрасының меңгерушісі Анар Еркебай, өнертану кандидаты, М.О. Әуезов атындағы Қазақ әдебиет және өнер ғылыми-зерттеу институтының «Театртану және кино» бөлімінің меңгерушісі Амангелді Мұқан, PhD докторы, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Театр өнері» факультетінің деканы, театр сыншысы, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының әдеби бөлімінің меңгерушісі Мирас Әбіл бар.

Пандемияға байланысты ауқымды іс-шараны ұйымдастыру кезінде барлық қатысушылар мен қонақтардың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар залдарға кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы ғана жүзеге асырылады, термометрия жүргізіледі. Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін шахмат тәртібінде отырғызу қарастырылған, сондай-ақ фестиваль қонақтары маска тағу режимін сақтауы керек.

Еске сала кетсек, фестиваль бағдарламасымен visitnursultan.kz сайты арқылы танысуға болады.

Көктем Қарқын

-->

«ТеатрALL» театр фестивалі – елордамызда бірінші рет өткізіліп жатқан үлкен жобалардың бірі. Пандемия кезінде астаналық өнерсүйер қауым осындай кештерді сағына күткені анық. Сондықтан 1,5 жыл бойы ұсыныс айтып, жоспар құрып, ақыры елордамыздың төрінде осындай ауқымды шара өткізіп жатырмыз. Фестиваль бір аптаға созылады. Шыны керек, елордамыздағы 12 театрдың 6-ауы қалалық, 4-еуі республикалық, 2-еуі жеке меншік. Апта бойы театрлардың барлығы бірігіп, 20-дан астам қойылым қояды. Ең алдымен санитарлық талаптар қатаң сақталатын болады», – деді Асхат Оралов.