ЕҰУ студенттерімен бірге Президент Жолдауы талқыланды
Студенттермен кездесуге қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазықызы, қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазы қатысты.
Шара еркін, сұрақ-жауап форматында өтті. Жоғары оқу орнының табалдырығын енді аттап, үлкен өмірге қадам басып, әртүрлі мамандықта оқып жүрген жастар да өз тараптарынан Жолдауға ерекше қызығушылық танытты.
Көктем Қарқын
-->Студенттермен кездесуге қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразгүл Асанғазықызы, қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазы қатысты.
«Президентіміздің халыққа Жолдауы үлкен серпін берді. Бұл Жолдау – елдің рухани өсуіне, халықтың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлінген жоба. Онда білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалардың барлығы қамтылған. Соның ішінде «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл біреу ғана және ол – қазақ тілі» деп Президентіміздің айтқаны жұрт көңілінен шықты. Қазір қоғамдағы ең қажет мәселенің бірі – осы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мәселесі. Сондықтан да біз бүгін жастармен кездесіп, Жолдауда айтылған ең маңызды мәселелерді талқылаудамыз», - деді Оразгүл Асанғазықызы.
Шара еркін, сұрақ-жауап форматында өтті. Жоғары оқу орнының табалдырығын енді аттап, үлкен өмірге қадам басып, әртүрлі мамандықта оқып жүрген жастар да өз тараптарынан Жолдауға ерекше қызығушылық танытты.
«Бұл жиын бізге ерекше әсер қалдырды. Бұрын білмеген, байқамаған көп мәселелермен таныстық. Әсіресе қазіргі пандемия жағдайындағы еліміздің медицина саласына көңіл бөліп, дәрі шығаратын зауыттарды 17 пайыздан 50 пайызға дейін өсіріп жатқаны құптарлық жағдай. Біз де өз кезегімізде Президент Жолдауын жүзеге асыруға қолымыздан келгенше тырысамыз», - деді журналистика және саясаттану факультетінің студенті Раушан Нұрғалиева.
Көктем Қарқын