Мәдениет

Павлодарда бірегей археологиялық олжа табылды

Археологтар тапқан жылқы ұстаған жауынгердің мәйітін және қимақ ақсүйектерінің өкілінің жерлеу құрылысы IX-XI ғасырларға жатады. Сарапшылардың пікірінше, жәдігерлер үлкен ғылыми құндылыққа ие.

Қимақ-қыпшақ кезеңінің бейіті әр кез таң қалдырады. Бірнеше жыл бұрын олар мұнда ағаш күйме тапқан болатын. Ғалымдардың қолына металл, ағаш, былғары және жібек маталардан жасалған бай материал түсті. Қазір археологтар бүкіл жерлеу кешенін зерттеуі керек.

Бұл жерлеу кешені алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдарында зерттеле бастады. Содан кейін қазба жұмыстары  біраз уақытқа дейін тоқталған-ды. Жақында аймақты зерттеу жұмыстары қайта жанданды.

Археологиялық қазба жұмыстары тағы екі аптаға созылмақ. Табылған артефактілер топырақ блоктарынан алынуда. Әрі қарай, бұл жерде жасалған сандық рентген және компьютерлік томография археологиялық орталықта мұқият зерттеледі.

-->