Елімізде «Қазақанимация» бірлестігі құрылады
Сондай-ақ министр отбасылық көрсетілімге арналған халықаралық стандарттар бойынша күту рейтингі жоғары анимациялық фильмдердің кең дистрибуциялы дубляжын қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.
-->“2025 жылға дейін отандық анимациялық контент шығаратын сервистік компания ретінде «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру арқылы 40 отандық анимациялық фильм түсіріледі. 2023 жылдан бастап барлық жүргізіліп жатқан мәдени іс-шара, театр маусымдары, кітапхана қорлары, музейлер мен көрмелер туралы ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, e-culture.kz бірыңғай электронды платформасы іске қосылады”, — деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ министр отбасылық көрсетілімге арналған халықаралық стандарттар бойынша күту рейтингі жоғары анимациялық фильмдердің кең дистрибуциялы дубляжын қамтамасыз етуде мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.
“20 пленкалық көшірмелерді цифрландыру мен фильмдерді реставрациялау, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясының жаңғыртылуы жоспарланған”, — деді А. Балаева.