Мәдениет

"Маша мен аюды" қазақша сөйлету қаншалықты тиімді

“Шетелдік балалар арналарының өнімдерін қазақ тіліне аудару қаншалықты қажет? Шетелдік арналарға қаржы аударғанша, соған неге отандық өнім шығарып, дамытпаймыз?” деген журналистің сұрағына министр былайша жауап берді:

“Әр жобаның қолдаушысы болғанда, оған қарсы тұрушы да бар. Интернет бетінде халықтың осындай алаңдаушылығы бар екенін де байқап отырмын. Сондықтан сұрағаныңыз өте дұрыс болды. Nickelodeon мен TіJі телеарналарымен келіссөз өткізіп, өнімдерін қазір "Қазақфильм" базасында аударуға кірісіп кеттік. Жыл аяғында бұл жұмыс бітеді. Бұл жұмыс – өте маңызды. Өйткені қазір таза қазақтілді отбасындағы балалардың тілі орысша шығып жатыр. Олар орысша өнімді көреді. Тілді экран қалыптастырып жатыр. Сондықтан сол мультфильмдерді қазақ тіліне аударып беріп отырмыз", – деді Балаева.

Оның айтуынша, аталмыш арналардың 800 сағат өнімі қазақ тіліне аударылып шығады. 

"Салыстырмалы түрде айтсақ, "Маша и Медведь" деген мультфильмді барлық бала сүйіп көреді. Ал оны шығарушылар бір маусымына, яғни екі-ақ сериясына біздің теңгемен 2 млрд теңге жұмсайды екен. Ал біз 800 сағат мультфильмдерді одан төрт есе арзанға қазақшалап жатырмыз. Одан бөлек айтарым, сапалы дүниеге көп қаражат пен уақыт керек. Бізге уақытты тиімді пайдалану керек. Сондықтан қазіргі балалар көретін арналарды алдымен қазақ тілінде сөйлетіп алсақ дейміз", – деді министр.

-->