Мәдениет

Жамбыл Жабаевтың 10 томдық жинағының тұсаукесер рәсімі өтті

Мемлекеттік тапсырыс аясында басылып шыққан көп томдыққа Жамбыл Жабаевтың өткен ғасырдың басынан бастап өмірден өткенге дейінгі барлық өлеңдері, айтыстары мен жырлары топтастырылған. Одан бөлек, ақын шығармашылығына қатысты ғалымдардың ғылыми еңбектері, ақын-жазушылардың естеліктері де басылған.

Жиналғандардың алдында сөз алған Мемлекеттік хатшы, Ж.Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы Қырымбек Көшербаев, жыр алыбы Жамбылдың халқымыздың рухани дүниесінде қуатты да өміршең жырлары арқылы өшпес із қалдырғанын атап өтті.

Бұл жарық көрген 10 томдық жинақ Жамбыл ақынның бүкіл мұрасы, оның өмірі мен шығармашылығы туралы естеліктер мен ғылыми зерттеулер енген тұңғыш толымды басылым ретінде жарыққа шығып отыр.

-->

- Бүгін тұсауы кесіліп отырған 10 томдық жинақ жамбылтануға қосылған үлкен үлес, халқымыздың рухани қазынасын молайтқан іргелі еңбек деп есептеймін, - деді Қырымбек Көшербаев.