Мәдениет

"Үйде жалғыз қалғанда": әйгілі жаңажылдық комедия ремейкінің алғашқы трейлері шықты

Жаңа кинотуынды Home Sweet Home Alone деген атаумен шықты. Ондағы басты рөлді “Қоян Джоджо” фильмі арқылы танымал 12 жасар Арчи Йейтс сомдайды. 

Фильмнің сценарийі түпнұсқадағы сюжеттен айна-қатесіз десе болады. Фильмнің басты кейіпкері Макс Мерсердің отбасы Жапонияға қысқы демалысқа аттанады да, балақайдың өзі үйде жалғыз қалып, ойыны қанғанша әбден асыр салады. Даңғарадай үйді иесіз қалды деп ойлап, ерлі-зайыпты ұрылар бұлардың қымбат залын ұрлап алмақшы болады. Үйді қараниеттілерден қорғау – балақайдың мойнында.

Фильмнің режиссері – “Оскар” сыйлығының екі дүркін номинанты Дэн Мазер. Премьера биылғы 12 қарашаға белгіленіп отыр.

Трейлерді мына жерден көруге болады.

-->