Мәдениет

Бибігүл Төлегенова байқауының жеңімпазы анықталды

Естеріңізге сала кетсек, Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауы 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Ол Қазақстанның мәдени өміріндегі бірегей құбылысқа айналды. Биыл байқаудың 20 жылдығы маңызды атаулы күндермен – қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың шығармашылық қызметінің 70 жылдығы және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Екі кезеңнен өткен Бибігүл Төлегенованың XI халықаралық вокалистер байқауына қатысуға елуден астам үміткер өтінім берді. Олардың басым бөлігі Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан және Өзбекстаннан келіп түсті.

Қорытынды шығарып, жеңімпаздардың есімдерін жариялау байқаудың ең жарқын аяқталу сәті болды. Одан кейін жұртшылық назарына тартымды бағдарламаға құрылған гала-концерт ұсынылды, оған отандық және шетелдік классиканың үздік үлгілері енді. Байқау лауреаттары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті, оркестрге маэстро Ерболат Ахмедьяров жетекшілік етті.

«Астана Опера» театры жеңімпаздарға өз сыйлықтарын әзірледі. Театр дирекциясы атынан арнайы жүлде – Astana Opera Халықаралық опера академиясында ай сайынғы стипендиямен оқуға арналған сертификат Дінмұхамед Көшкінбаев пен Әсем Әубәкіроваға бұйырды.

Бірінші сыйлық лауреаттары – Габриель Де-Рель (Ресей), Атабек Назиров (Өзбекстан), Әлихан Зейнолла (Қазақстан), екінші сыйлық лауреаттары – Ұлпан Әубәкірова (Қазақстан), Азиза Мухамедова (Өзбекстан), Әсем Әубәкірова (Қазақстан) және т.б.

Осылайша, байқау жас дарынды орындаушыларды анықтап, қазақ классикалық өнерінің беделін көтерді, сондай-ақ жастардың рухани дамуына ықпал етті.

-->

- Барша қатысушыларды, дарынды, белсенді, әртістік қабілетке ие жас әншілерді шын жүректен құттықтаймын. Биылғы байқау өте мәнді, мазмұнды болды, барлық орындаушылар дайындықтарының жоғары деңгейін паш етті. Үздіктердің үздігін таңдау оңай болған жоқ, бұл сөзіме қазылар мүшелері де қосылады деп ойлаймын, дегенмен ең мықты жеңіске жетті. Осынау байқау арқылы асқақ өнердің ғажап әлеміне жол тартқан жандардың кәсіби тағдырын үнемі бақылап отырамыз. Жаңа жұлдыздар әлемнің үздік сахналарында еліміздің атын шығарады деп сенемін, - деп атап өтті ХІ Халықаралық вокалистер байқауының әділ қазылар төрайымы, КСРО Халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мен Қазақстанның мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова.

Естеріңізге сала кетсек, Бибігүл Төлегенованың халықаралық байқауы 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіліп келеді. Ол Қазақстанның мәдени өміріндегі бірегей құбылысқа айналды. Биыл байқаудың 20 жылдығы маңызды атаулы күндермен – қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенованың шығармашылық қызметінің 70 жылдығы және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Екі кезеңнен өткен Бибігүл Төлегенованың XI халықаралық вокалистер байқауына қатысуға елуден астам үміткер өтінім берді. Олардың басым бөлігі Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Башқұртстан және Өзбекстаннан келіп түсті.

Қорытынды шығарып, жеңімпаздардың есімдерін жариялау байқаудың ең жарқын аяқталу сәті болды. Одан кейін жұртшылық назарына тартымды бағдарламаға құрылған гала-концерт ұсынылды, оған отандық және шетелдік классиканың үздік үлгілері енді. Байқау лауреаттары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті, оркестрге маэстро Ерболат Ахмедьяров жетекшілік етті.

- Байқау қорытындысы бәрімізді толқытты, өз аты-жөнімді естимін деп ойлаған жоқпын. Әрине, осындай беделді байқаудың жеңімпазы болу мен үшін үлкен мәртебе. Тағдырыма, ата-анама және қасымда болған барлық жақын жандарға алғысымды айтамын. Байқау өткізілген апта бойы біз барлық қыз-жігіттермен достасып кеттік, - деп әсерімен бөлісті Гран-при иегері Дінмұхамед Көшкінбаев.