Мәдениет

Google жасанды зерденің көмегімен Климттің жойылған картиналарын қайтта тірілтті

Густав Климт “Медицина”, “Философия” және “Заң” деп аталатын бұл үш картинасын Вена университеті ғимаратының төбесіне арнап салған екен. Онда бейнеленген жалаңаш адам денелері мен қаңқалары үлкен дау туғызады. Картинаны “порнографиялық” және ар-ұятқа қайшы деп санаған профессорлар оған қарсы петиция жазып, ал өнертанушылар болса Климтті мазақ етеді. Ақыры Климт тапсырысты қайтарып, гонорардан бас тартып, сол кезден бері тек жеке адамдарға ғана сурет салатын болыпты. Екі картинаны – еуропалық коллекционер жұп, үшіншісін Аустриялық галерея сатып алған. Кейін Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында оны отқа жағып жіберген. Картиналардан тек бастапқы шимайлары мен ақ-қара түсті фотосуреттері қалған екен.

Картиналарды цифрлық форматта қалпына келтіру үшін Венаның Belvedere галереясының кураторы Франц Смола архивті ақтарып, Климттің сол кезеңдерде салған басқа картиналарындағы мотивін зерттеген. Соның негізінде бағдарламашы Эмиль Воллнер Google Arts базасындағы шынайы объектілер мен шығармалардың миллиондаған суретін талдап беретін алгоритм жазып шығады. Алгоритмді суретшінің стилімен сәйкестендіру үшін бұған Климттің 80 түрлі түсті картинасының репродукциясын қосады. Сөйтіп жоғалған картиналарға барынша ұқсас суреттер өмірге келеді. 

Цифрлы реставрацияның жасалу барысын мына видеодан көруге болады.

-->