Мәдениет

Қырғызстанда «Abai Uii» мәдени-іскерлік орталығы ашылды

Бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасының базасында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қырғызстанда тұратын отандастармен кездесу өтті.

Іс-шараға «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Абыкаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса, Мақпал Тәжмағамбетова және қазақтар қауымдастығының төрайымы Гүлшат Асылбаева, Қырғызстанның қазақ қауымдастықтарының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Бішкек қаласында «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің ашылу рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, «Abai Uіi» МІҮ жұмысының негізгі қағидаты – шетелдегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарын бірыңғай желіге біріктіру, ұлттың мәдени мұрасын насихаттау, шетелдік қазақтармен іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайту, қазақстандық бизнесті шетелде ілгерілету, тарихи Отанына көшуге ниет білдірген отандастарды репатриациялауға дайындау.

Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәліметі бойынша, Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады.

-->