Мәдениет

Қазан айында Мұқағали Мақатаев жайлы кино жарыққа шығады

Режиссердің айтуынша, жаңа туындыда М. Мақатаев өмірінің соңғы жылдары баяндалады.

Сонымен қатар, кинода Қазақ КСР Жазушылар Одағы ақынның тағдырын шешкен сәтіне куә боламыз. Тарихи фильмнің басты рөлін сомдаушылар: Асланбек Жанбалаев, Толғанай Бейсембаева, Азиза Рысбаева, Бақытжан Қажымұқан, Раушан Мәжитова, Бауыржан Қаптағай сынды актерлер.

Айта кетейік, бұл фильмді түсіру идеясы режиссерге 15 жыл бұрын келген. Дегенмен, туындының түсірілімі 2019 жылы басталып, 1 жылға созылған. Түсірілім Өскемен, Алматы және Санкт-Петербург қалаларында өткен.

Сондай-ақ ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа биыл 90 жыл толып отыр.

Мерейтойға арналған туынды 21 қазаннан бастап, барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды.

-->