Тұрсын Жұртбай: Егемендік туралы алғашқы үндеудің жариялануы - тәуелсіз мемлекетіміздің үлгісін жасауға ұмтылыс
Қаламгер Тұрсын Жұртбай қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Ұлттың тағдырына қатысты бір оқиға аталып өтуі керек. Егемендік туралы алғашқы үндеудің жариялануы - қазақ ұлтының көптен бергі қалғып кеткен санасының оянуы, алғашқы тәуелсіз мемлекетіміздің үлгісін жасауға ұмтылуы. Осы үндеу барлық қазақ халқының қолдауынан өтті. Жаппай қол жиылды. Бұл - тәуелсіздіктің туын ұстатқан халықтық қозғалыс. Тәуелсіздік құтты болсын!
Бүгін Elorda Aqparat мекемесі ұйымдастырып отырған бильярд турнирі де сол құрметтің үлгісі деп ойлаймын», - деді ол.