Көзқарас

Түркияға барып тұру қиындай түспек

Осыдан тұп-тура екі жыл бұрын Түркиядан үй алушылар рейтингінде Қазақстан үздік алтылықтың қатарына кірген болатын. Алайда бейберекетсіз шетелдік миграцияға сапалық мән беру үшін Түркия осы жылдың қазан айында үй сатып алудың жаңа талаптарын қабылдады. Бұл жаңашылдық шетелдік инвесторлардың да оң жамбасына келмесі анық. Ол қандай талаптар және Түркиядан үй алмас бұрын жерлестеріміз нені білгені абзал? Осы және басқа да сұрақтардың жауабы elorda.info сарапшысы Айжан Ақиқаттың мақаласында. 

Түркияның баспана нарығы несімен қызықтырады? 

Біріншіден, жергілікті халықтың шетелдік азаматтарға көзі үйренген. Келген жеріне, нәсіліне, ұлтына, дініне қарамастан, үлкен құрметпен қарайды. Себебі өзге елден келген қонаққа деген қонақжайлық мектеп іргесінен тәрбиеленеді. Туризмді дамытудың басты кілті де осында жатыр. 

Екіншіден, шетелдік инвесторлар сатып алған үйін тек маусымдық демалысы үшін ғана пайдаланбай, оны жалға беру арқылы табыс көре алады. Оған заңдық тұрғыдан барлық жағдай жасалған. 

Үшіншіден, Түркиядан үй сатып алғандар осы елде ұзақ мерзімге тұру құқығын, тіпті азаматтығын ала алады. Баспана сатып алуды жеңілдететін бағдарламаларда шетел азаматтарына жергілікті халықпен тең дәрежеде мүмкіндік берілген.

Төртіншіден, Түркиядан үй алудың ұтымды тұсы – оның географиялық орналасуында. Ол жақта қандайда бір кәсіп бастайтын болсаңыз, әлемдік нарыққа шығу оңай. 

Бесіншіден, кез келген шетел азаматы үшін ауа райы өте жайлы, ауасы таза, табиғаты сұлу. Теңіз жағасында тұру кез-келген адамның арманы екені жасырын емес. 

Алтыншыдан, азаматтық тек құжат тапсырған азаматқа емес, оның жұбайы мен 18 жасқа толмаған барлық бала-шағасына бірдей беріледі. Инвестиция құю арқылы азаматтыққа өтініш беру үшін белгілі бір уақыт сол мемлекетте тұру, түрікше білу міндетті емес. Тек сатып алған үйіңізді үш жыл ішінде сатпау керек. Егер азаматтық алып жатсаңыз, әлемнің 120-дан аса мемлекетіне визасыз еркін саяхаттай аласыз. 

Тағы бір ұтымды тұсы, Түркияда қазақы орта баяғыдан қалыптасқан, қазақ мектептері мен балабақшалары бар. Білімді қазақ, түрік және ағылшын тілінде қатар алуға болады. 

Сарыарқадан Стамбұлға тартылған көш неге саябырсыды? 

2020 жылы жайлаған жаппай каронокризистен кейін қазақстандықтардың шетелдік жылжымайтын мүлік нарығына деген қызығушылығы арта түсті. Әсіресе ауыр дерттен ақау алған өкпелерін теңіз ауасымен емдеу үшін Түркиядан үй алушылар саны күрт өсті. Олардың арасында отандық шоу-бизнес өкілдерінің теңіз жағасындағы тамаша өмірі жайлы әлеуметтік желілерде жарыса жазған посттарына еліктегендер де бар. 

Түркияның статистикалық институты 2021 жылдың сәуірінде жариялаған ақпаратқа сәйкес, Жерорта теңізі жағасынан жиі үй алушылар рейтингінде Қазақстан үздік ондықта еді (9-орын). Ал 2021 жылдың жалпы қорытындысы бойынша жерлестеріміз бұл рейтингте 6-орынға көтерілген. 

Алайда, 2022 жылы көршілес елдердегі тұрақсыз геосаяси жағдай Түркияның баспана нарығын үлкен күйзеліске ұшыратты. Ресей мен Украинадан шұбыра көшкен халық діл осы елден паналауды жөн көрген. Салдарынан сұраныстағы туристік мемлекетте үй ғана емес, өмір сүру құны да қымбаттап кетті. Содан болар, Сарыарқадан тартылған керуен саябырсып, «all inclusive»-ке еті үйренген отандастарымыздың Түркияға деген қызығушылығы төмендей бастады. 

Түркияда тұру ыхтиярхатын алу процессі қалай және неге қиындады?

Түркияның көші-қон мекемесі таратқан соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, елде тұру ыхтиярхатын алған шетелдіктер саны 1,3 млн-нан асады. Оның ішінде қазақстандықтар 10-шы орында (50 мың). Бірінші орында Ресей (155 мың), екінші орын – Ирак (130 мың), үшінші – Түркіменстан (115 мың). 

Соңғы бес жылда болмаған қалың шетелдік миграцияны азайту үшін Түркия үй сатып алу арқылы берілетін ыхтиярхат алудың талаптарын қатаңдатты. Бұрын Ыстамбұл, Анкара мен Анталия қалаларында құны 75 мың доллардан, басқа өңірлерде 50 мың доллардан жоғары жылжымайтын мүлік сатып алсаңыз, тұру ыхтиярхатына үміттене беруге болатын еді. 2023 жылдың 16 қазанынан бастап баспана алу құнының ең төменгі шегі барлық қалалар бойынша 200 мың долларға көтерілді. 

Бұл дегеніңіз, егер осыдан бір жарым ай бұрын Астанадағы бір бөлмелі пәтердің орнына (28 млн теңге) Түркияның туристік қалаларынан бір немесе екі бөлмелі пәтер алып, елде тұру ыхтиярхатына өтініш бере алсаңыз, қазір тек 100 млн теңге құю арқылы бұл мүмкіндікті иемдене аласыз. 

Мамандардың айтуынша, түрік билігі бұл қатаң шараға жергілікті халықтың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және әл-ауқаты төмен шетелдіктердің миграциясын тоқтату үшін барып отыр. 

Оның айтуынша, заң әлі толық күшіне енбеген. Соның өзінде көптеген жылжымайтын мүлік агенттіктері мен құрылыс компаниялары тығырыққа тіреліп, жабылып қалуға шақ тұр. Былтырғы жылмен салыстырғанда баспана нарығында сату-сатып алу биыл 40 пайызға төмендеген. Бұл заң толық күшіне енсе, теңіз жағасынан үй алу қаншама шетелдік азамат үшін орындалмас арманға айналуы мүмкін. Алдағы уақытта азаматтық алу үшін инвестиция құюдың да шекті көрсеткіші көтерілуі ықтимал. Бүгін ол дәреже 400 мың доллар деңгейінде. 

Қорыта айтқанда...

 Түркиядағы жағдай қазір құбылмалы. Шетелдіктердің шексіз миграциясынан елдегі өмір сүру құны, азық-түлік, коммуналдық қызмет, жүріп-тұру екі-үш есеге қымбаттады. Тек үйдің бағасы емес, үйді жалға алу құны да шарықтап кеткен. Арзан әрі әдемі өмірге ұмтылған мұндағы қазақстандықтар қазір қиын жағдайда. Түркияда қалайын десе, өмір қымбат, кетейін десе, сатып алған үйін үш жыл бойы сата алмайды. Сондықтан «жылтырақ» өмірге ұмтылмас бұрын, жеті рет өлшеп, бір рет кескен абзал. 

-->

Түркия саяси ахуалы тұрақсыз елдермен шектеседі. Қазіргі жағдайдың өзінде миграцияның күшейгенін көріп отырмыз. Инвестицияның шектік көрсеткішін көтеру арқылы елге тек жағдайы барлар, бизнес ашып, жергілікті халықты жұмыспен қамти алатын азаматтардың келуіне жол ашылып отыр», - деген пікірімен бөлісті Mayalanya Group компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Мила Гребенщикова.