Түркістандағы медиафорумда «Масс-медиа туралы» заң жобасы талқыланды
Түркістан қаласында барлық сатыдағы БАҚ басшылары мен медиа саласының танымал мамандарының басқосуымен «Медиакраттар медиафорумы» болып өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенат залында өткен басқосуда "Масс-медиа туралы" Заң және журналистика тағдыры" тақырыбы офлайн әрі онлайн форматта өте қызу талқыға түсті. Қатысушылар тарапынан ашық және ащы пікірлер айтылды. Медифорумға ақпарат саласының барлық сатыдағы өкілдері, дәлірегі аудандық, қалалық газеттердің бас редакторларынан бастап облыстық, аймақтық медиахолдингтердің директорлары, еліміздегі ең жетекші ақпарат құралдары- "Қазақ газеттері" ЖШС, "Заң" Медиа корпорациясы" ЖШС, "ҚазАқпарат" Халықаралық Ақпарат агенттігі, Жас Алаш, Айқын, Жас Қазақ, КТК, 31 арна, "Қазақстан" Ұлттық арнасы, Nege kz ақпараттық порталы сияқты өзге БАҚ басшылары мен өкілдері, жоғарғы оқу орындарында осы салаға маман дайындап жүрген оқытушы-профессорлар, жас журналистер, медиакеңістікте танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, республикаға белгілі, беделді медиатұлғалар қатысты.
Алқалы жиынға Парламенттің қос бірдей палатасы Мәжіліс пен Сенаттан бірнеше депутат қатысып, олар жинақталған орынды сын-ескертпелердің, ұтымды ұсыныстардың Заңда қамтылуын қадағалайтын үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғаны жайлы ойларын ортаға салды.
Басқосуда негізгі баяндаманы жасаған «AULIEATA MEDIA» холдингінің директоры, белгілі қаламгер, журналист Оралхан Дәуіт ақпарат саласындағы адам түсінбейтін реформаларға көбірек тоқталды.
Кезінде Мәжіліс депутаты, Ақпарат және мәдениет министрі болған қоғам қайраткері Дархан Мыңбай «Масс-медиа туралы» заң жобасында бірқатар жақсы жаңалықтардың барын алға тартты.
Сонымен қатар ол дәл осындай аса жауапты кезеңде журналистердің өзара бірлігінің өте қажет екендігін баса айтты.
«Масс-медиа туралы» Заң жобасы бойынша құрылған жұмысшы тобының жетекшісі, танымал публицист, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, осы уақытқа дейін заң жобасына қатысты екі жүзден астам ұсыныс түскен. Бірқатар тың ұсыныстар бар. Мәселен, журналист жариялаған материалы үшін жауапқа тартылуы мерзімінің ескіруін 3 жылға, тіпті 1 жылға дейін төмендету туралы мәселе қаралуда.
Ал сенатор Бибігүл Жексенбай заң жобасын талқылау кезінде журналистердің қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін алға тартты.
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері Есенкүл Кәпқызы, Жұлдыз Әбділда, Серік Әбікенұлы Түркістан төрінде ұлттық журналистиканың ертеңіне қандай қауіп төнуі мүмкін екендігіне нақты айғақтар келтірді.
Ал белгілі журналист, Қ. Яссауи атындағы ХҚТУ қауымдастырылған профессоры Молдияр Ергөбек Заң жобасының "Масс-медиа туралы" деп аталуының өзі ақылға қонбайтыны туралы пікірін айтты.
Жиынға қатысқан Мәдениет және ақпарат министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов жаңа заң жобасында журналистердің сұрау хаттарына мемлекеттік органдардың жауап беру мерзімі 7 күн болса, қазіргі нұсқада 5 күнге дейін қысқарту ұсынылғанын мәлім етті.
Медиакраттар медиафорумының қорытындысы бойынша салалық министрлікке және Парламентке «Масс-медиа туралы» заң жобасына қатысты ұсыныстар жолданатын болды.
-->Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Сенат залында өткен басқосуда "Масс-медиа туралы" Заң және журналистика тағдыры" тақырыбы офлайн әрі онлайн форматта өте қызу талқыға түсті. Қатысушылар тарапынан ашық және ащы пікірлер айтылды. Медифорумға ақпарат саласының барлық сатыдағы өкілдері, дәлірегі аудандық, қалалық газеттердің бас редакторларынан бастап облыстық, аймақтық медиахолдингтердің директорлары, еліміздегі ең жетекші ақпарат құралдары- "Қазақ газеттері" ЖШС, "Заң" Медиа корпорациясы" ЖШС, "ҚазАқпарат" Халықаралық Ақпарат агенттігі, Жас Алаш, Айқын, Жас Қазақ, КТК, 31 арна, "Қазақстан" Ұлттық арнасы, Nege kz ақпараттық порталы сияқты өзге БАҚ басшылары мен өкілдері, жоғарғы оқу орындарында осы салаға маман дайындап жүрген оқытушы-профессорлар, жас журналистер, медиакеңістікте танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, республикаға белгілі, беделді медиатұлғалар қатысты.
Алқалы жиынға Парламенттің қос бірдей палатасы Мәжіліс пен Сенаттан бірнеше депутат қатысып, олар жинақталған орынды сын-ескертпелердің, ұтымды ұсыныстардың Заңда қамтылуын қадағалайтын үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғаны жайлы ойларын ортаға салды.
Басқосуда негізгі баяндаманы жасаған «AULIEATA MEDIA» холдингінің директоры, белгілі қаламгер, журналист Оралхан Дәуіт ақпарат саласындағы адам түсінбейтін реформаларға көбірек тоқталды.
Кезінде Мәжіліс депутаты, Ақпарат және мәдениет министрі болған қоғам қайраткері Дархан Мыңбай «Масс-медиа туралы» заң жобасында бірқатар жақсы жаңалықтардың барын алға тартты.
Бір жағынан нарыққа кіргіміз келеді, екінші жағынан бұрынғыдай қолдайтын көп жағдайды сақтап қалғымыз келеді. Олай болмайды. Бір жағына шығуымыз керек» деді Д. Мыңбай.
Сонымен қатар ол дәл осындай аса жауапты кезеңде журналистердің өзара бірлігінің өте қажет екендігін баса айтты.
«Масс-медиа туралы» Заң жобасы бойынша құрылған жұмысшы тобының жетекшісі, танымал публицист, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанның айтуынша, осы уақытқа дейін заң жобасына қатысты екі жүзден астам ұсыныс түскен. Бірқатар тың ұсыныстар бар. Мәселен, журналист жариялаған материалы үшін жауапқа тартылуы мерзімінің ескіруін 3 жылға, тіпті 1 жылға дейін төмендету туралы мәселе қаралуда.
Ал сенатор Бибігүл Жексенбай заң жобасын талқылау кезінде журналистердің қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін алға тартты.
Жасыратыны жоқ, өзіміз журналистикада жүргенімізде телеарнаның камерасын 45 мың долларға, ал журналисті 1 мың долларға ғана сақтандырып, шет мемлекетке, соғыстың ортасына жіберген кездерді де көргенбіз,- деді сенатор
Заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелері Есенкүл Кәпқызы, Жұлдыз Әбділда, Серік Әбікенұлы Түркістан төрінде ұлттық журналистиканың ертеңіне қандай қауіп төнуі мүмкін екендігіне нақты айғақтар келтірді.
Ал белгілі журналист, Қ. Яссауи атындағы ХҚТУ қауымдастырылған профессоры Молдияр Ергөбек Заң жобасының "Масс-медиа туралы" деп аталуының өзі ақылға қонбайтыны туралы пікірін айтты.
Журналистерге біраз артықшылықтар, әлеуметтік пакеттер береді деген «Пресс картаға» көп әріптестің қарсылығы туындап тұрғаны алқалы жиында анық аңғарылды. Мұндай әдіс әлемдік тәжірибеде бар. Бірақ оның тетігі кімде болады? Егер биліктің қолында болса, шенеуніктер өзін сынаған журналистерді «шөміштен қақпай ма»? «Пресс картаның» журналистер арасында алалаушылық тудыруы мүмкін екендігін, сондықтан оны алып тастау туралы ұсыныстардың бары да атап өтілді. Қазіргі журналистердің тәуелсіздігі, «сенім кредиті» туралы мәселе де назардан тыс қалған жоқ.