Көзқарас

Саяси сенім ұялатқан Ата заң

Биыл жиырма сегіз жылдығын атап жатқан еліміздің басты әрі ең жоғарғы құқықтық құжаты Ата Заңымызбен, дамушы елдерден постиндустриялдық дамыған елдердің қатарына асыққан Қазақстан түрлі саяси өзгерістерді басынан өткерсе де, адымдап жылжып келеді.  

Саяси режимнің өзгерісі бір күнде, бір айда, керек десеңіз бір жылда өзгере қоймайтынын бәріміз білеміз. Бірақ, кешегі қайғылы Қаңтар оқиғасы, қоғам мен билікті еліміздің саяси-экономикалық даму жолында түбегейлі өзгеруге итермеледі. Оның басты шешімі дәл осы Ата Заңымыздың тетіктерінен бастау алды. 

Ия, тура осы Ата Заңды қайта қарау оңайға түскен жоқ. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ғалымдармен және белгілі саяси сарапшылармен кеңесе келе, былтыр 16-наурызда өзінің кезекті Қазақстан халқына Жолдауында конституциялық өзгерістерді халықтың талқысына салуға, сөйтіп жалпыреспубликалық референдум арқылы саяси болашағымызды анықтауға ұсыныс жасады.  

Естеріңізде болса, өткен жылы 5-маусым күні 77 пайыздық қолдаумен Қазақстан жұртшылығы өз дауысын Ата Заңға 33 бапқа өзгертулер енгізуге келісімін берді. Ұлттық келісім осылай жасалды деп түсінген абзал.

Әрине, бұл Президент көтерген жаңа саяси мәдениет қалыптастыратын реформаларға негіз болатын өзгерістердің мақсаты - елдің алдағы саяси хәм келешек мүддесі болатын.

Ал, ұзақ уақыттан бері қоғамда ұлттық мәселеге айналған жер мәселесіне нақты шешім қабылданып, Ата Заңда жер және оның бетіндегі барлық дүние – халықтікі деп жазылды. Байқап отырсақ, бір жылдың көлеміне жер мәселесіне қатысты даулы әігімелер әлеуметтің ортасында бұрынғыдай байқалмайды. Қайта оның үстіне қолды болып кеткен гектар-гектар жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда, соңғы мәліметтерге сүйенсек, қайтарылған жер көлемі 5 млн гектардан асқан.  Яғни, бұл Ата заң бетіне түскен өзгерістер іс-жүзінде жүзеге аса бастады деген сөз.

Айтпақшы, өзгерістер енген Ата Заңның артынша, былтыр желтоқсан айында Президенттің қолымен Парламентте қаралып, төрт конституциялық заңдар бекітілді. Соның ішінде Сайлау туралы, шетел асып кеткен ұлттық активтерді қайтару туралы заңнамалар бар. 

Сайлау демекші, Ата Заңға енген басты өзгерістің бірі, соңғы рет 2004 жылы жүрген аралас сайлау жүйесі практикалық негізде биыл 19 наурыздағы ҚР Парламент сайлауында жүзеге асты. 

Еліміздің басымдыққа ие саяси органы Мәжілістің құрамына жеке мандатпен түсу құқығы берілді. Партиялық плюрализмге 70 пайыз орын берілсе, 30 пайызын мажоритарлы жүйемен ешбір саяси ұйымға мүше емес азаматтардан 29 депутат сайланып келді. 

Әлбетте, саяси өзгерістердің көркін қыздыра түскен сайлауда Парламент пен Маслихат депутаттығына әркімнің-ақ мүмкіндігі болды. Түрлі пікір мен ұстаным иелері әділ әрі заңды бәсекелі науқанда халықтық бағдарламаларды ұсынып, жатты. Демократиялық серпін мен серпіліске бастау болған Ата Заңдағы өзгерістер осылай өрби бастады.

Құзыреттерін тең бөліп берген Ата Заңның кепілі Президенттің мәртебесі еселене түсті. Ендігі кезекте жеті жылға бір ғана мерзімге келетін тұлғаның жауапкершілігі артты. Көпшілік көрші елдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркменстан, Тәжікстан) керісінше, авторитарлы жүйені дамытатын екі және одан көп президенттік мерзімдерді таңдап жатқанда, Қазақстанның бұл саяси қадамдары, авторитарлы режимнен біржола кету деп танылуы тиіс. 

Әрине, осы және одан басқа да қыруар өзгерістерді әкелген Ата Заңның арқасында ел мүддесі әрі жарқын даму белесі тұр. Аталған белестердің бейбіт әрі бірқалыпты орындалуы қоғамның саяси мәдениеті мен зайырлы көзқарастардың ұстанымымен орындалмақ. 

Бұл жолғы саяси жеңіс тұтас ұлттың ұлттық келісімі форматында қалыптасты. Билік ашықтық саясатын, естуші қабілетін, жауаптылық қағидаларына сүйеніп, Ата Заңның іргесін нығайта отырып, қоғаммен әріптестік орната білді. Саяси институттардың дамуына, жаңа саясаткерлердің келуіне есік ашты. Бұл өсемін деген мемлекеттің қарекеті...

Баршаңызды еліміздің Конституция күнімен құттықтаймын!

  Мақсат ЖАҚАУ

-->

Ата Заңдағы басты құндылықтардың басында адам тұрғанын, оның құқықтарының қорғалуын басты назарға алынды. Арнайы адам құқықтары амбудсмені құрылып, барлық деңгейде азаматтың конституциялық құқықтарының бұзылмауын қадағалап төрелігін жасайтын Конституциялық сот бекітілді. Ең қымбат дүние адам өмірі болған соң, тайға таңба басқандай өлім жазасы толығымен алынып тасталды. 

Ал, ұзақ уақыттан бері қоғамда ұлттық мәселеге айналған жер мәселесіне нақты шешім қабылданып, Ата Заңда жер және оның бетіндегі барлық дүние – халықтікі деп жазылды. Байқап отырсақ, бір жылдың көлеміне жер мәселесіне қатысты даулы әігімелер әлеуметтің ортасында бұрынғыдай байқалмайды. Қайта оның үстіне қолды болып кеткен гектар-гектар жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда, соңғы мәліметтерге сүйенсек, қайтарылған жер көлемі 5 млн гектардан асқан.  Яғни, бұл Ата заң бетіне түскен өзгерістер іс-жүзінде жүзеге аса бастады деген сөз.

Айтпақшы, өзгерістер енген Ата Заңның артынша, былтыр желтоқсан айында Президенттің қолымен Парламентте қаралып, төрт конституциялық заңдар бекітілді. Соның ішінде Сайлау туралы, шетел асып кеткен ұлттық активтерді қайтару туралы заңнамалар бар. 

Сайлау демекші, Ата Заңға енген басты өзгерістің бірі, соңғы рет 2004 жылы жүрген аралас сайлау жүйесі практикалық негізде биыл 19 наурыздағы ҚР Парламент сайлауында жүзеге асты. 

Еліміздің басымдыққа ие саяси органы Мәжілістің құрамына жеке мандатпен түсу құқығы берілді. Партиялық плюрализмге 70 пайыз орын берілсе, 30 пайызын мажоритарлы жүйемен ешбір саяси ұйымға мүше емес азаматтардан 29 депутат сайланып келді. 

Әлбетте, саяси өзгерістердің көркін қыздыра түскен сайлауда Парламент пен Маслихат депутаттығына әркімнің-ақ мүмкіндігі болды. Түрлі пікір мен ұстаным иелері әділ әрі заңды бәсекелі науқанда халықтық бағдарламаларды ұсынып, жатты. Демократиялық серпін мен серпіліске бастау болған Ата Заңдағы өзгерістер осылай өрби бастады.

Құзыреттерін тең бөліп берген Ата Заңның кепілі Президенттің мәртебесі еселене түсті. Ендігі кезекте жеті жылға бір ғана мерзімге келетін тұлғаның жауапкершілігі артты. Көпшілік көрші елдерде (Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркменстан, Тәжікстан) керісінше, авторитарлы жүйені дамытатын екі және одан көп президенттік мерзімдерді таңдап жатқанда, Қазақстанның бұл саяси қадамдары, авторитарлы режимнен біржола кету деп танылуы тиіс. 

Сонымен қатар, Президенттің әрбір деңгейде, керек десеңіз ауылдың әкімінің актілерін өзгерте алатын құқықтық қабілетін жоюы да жергілікті өзін-өзі басқару кеңістігіне еркіндік берді. Тағайындалмалы қағида облыстық және оған теңестірілген қала әкімдерін ендігі кезекте, тек қана жергілікті барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының сайлау келісімімен жүзеге асырылатын болды. Яғни, әкімдерді сайлау қағидасында екі немесе одан көп үміткерлердің қатысуымен орындалады. Ал жалпы әкімдердің сайлануы ауылдан бастап, аудан, қала ааймағында толық жүзеге аспақ. 