Президент VIII шақырылым депутаттарына сегіз тарам тапсырма жүктеді – Сенат депутаты
Белгілі журналист, Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Президент сегізінші шақырылған депутаттарға сегіз тарам тапсырма жүктегенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сенатор бұл пікірін өзінің facebook-парақшасында жазды.
Сондай-ақ депутат ел Президенті алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын, әлеуметтік-экономикалық салаға тың серпін беруіміз керектігін, халықтың әл-ауқаты нашарлап, тұрмыс сапасының әлі күнге дейін жақсармағанын, алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы мәселелерді шешу жолында тиімді әрекеттерді жүзеге асыру қажеттігіне баса назар аударғанын атап өтті.
Президент сегізінші шақырылған депутаттарға сегіз тарам тапсырма жүктеді деген сенатор олардың әрбіріне жеке тоқталды. Сондай-ақ баршамыз бір кісідей ұлтқа қызмет етуіміз керек екенін айтты.
-->Белгілі журналист, Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай Президент сегізінші шақырылған депутаттарға сегіз тарам тапсырма жүктегенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Сенатор бұл пікірін өзінің facebook-парақшасында жазды.
Жүсіп Баласағұн «Кісіге екі дүниеде пайдалы – ізгі іс немесе мінезі түзулік. Екіншісі – ұят, Үшіншісі – әділдік. Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады» деген. Жыл бұрын Мемлекет басшысы жария еткен саяси жаңғырудың түп мақсаты осыны қазақ қоғамына енгізіп, санада сілкініс жасап, бұйығы болмысқа қан жүгірту еді.
Әділетті Қазақстан құру жолындағы ел Президентінің бастамасы қолдау тапты. Бар жоғы 365 күнде аса ауқымды істер атқарылды.
Нәтижесінде, мемлекеттік биліктің ең жоғары өкілдігі - заң шығарушы органға алғаш рет алты партия өкілдері жиналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Парламенті сегізінші шақырылымының алғашқы сессиясын ашылуында ел алдындағы басты міндет-мақсаттарды шегелеп айтты. Ол мақсат-міндеттерді орындауға алғышарттар дерлік жасалды.
Мемлекет басшысы бір жылға жуық уақыттың ішінде, референдумды қоса алғанда 5 саяси науқан өтіп, еліміз үшін қиын кезеңде осыншама ауқымды жұмыстарды қысқа уақыт аралығында жүргізгенімізді, еліміздегі жаңа саяси мәдениеттің, азаматтық қоғамның қалыптасып келе жатқанын, Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанын атап өтті, - деді ол.
Сондай-ақ депутат ел Президенті алдымызда үлкен міндеттердің тұрғанын, әлеуметтік-экономикалық салаға тың серпін беруіміз керектігін, халықтың әл-ауқаты нашарлап, тұрмыс сапасының әлі күнге дейін жақсармағанын, алдағы бес жылда Үкімет және Парламент осы мәселелерді шешу жолында тиімді әрекеттерді жүзеге асыру қажеттігіне баса назар аударғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы былтырдан бері саяси жүйені жаңғыртуға мән бергенімізді, ендігі кезекте экономикадағы нақты мәселелермен айналысып, жүйелі жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне тоқталды.
Шағын және орта кәсіпкерлік экономика мен еңбек нарығының қозғаушы күшіне айналуы және оларды толыққанды қолдау шараларын қабылдау, Үкіметке экономиканың негізгі салаларына қомақты инвестиция, әсіресе шетелдік инвесторларды тарту міндеті жүктеліп, алдағы 5 жыл шағын және орта бизнесті қолдауға арналуы керектігін атап өтті.
Президент сегізінші шақырылған депутаттарға сегіз тарам тапсырма жүктеді деген сенатор олардың әрбіріне жеке тоқталды. Сондай-ақ баршамыз бір кісідей ұлтқа қызмет етуіміз керек екенін айтты.
Мемлекет басшысы сайлау алдындағы бағдарламалар мен халыққа берілген уәде орындалуы керек, сонда ғана қоғамның билікке және саяси реформаларға деген сенімінің ұлғаятындығын айтты.
«Бізге орасан зор жауапкершілік жүктелген. Бұл – өткен тарихтың және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты. Еліміздің мақсаты – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мұның бәрі бір күнде жасалатын шаруа емес. Баршамыз табанды, еңбекқор, білікті, ұқыпты, тәртіпті болуымыз керек. Ең алдымен, отаншыл болуымыз қажет» деді Қасым-ЖомартТоқаев.
Ұлттың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әрине, қоғамның дамуы үшін пікір алуандығы қажет. Бірақ, елдік мәселелерге келгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген жөн. Елімізді өркендету үшін еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз екендігіне де Президент екпін түсірді. Яғни, мақсат - баршамыз бір кісідей ҰЛТҚА қызмет ету, - деп сөзін қорытындылады Бибігүл Жексенбай.