Көзқарас

Кенесары ханның бас сүйегін Қостанайдан іздеу керек – Тұрсын Жұртбай

Белгілі ғалым қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының бас сүйегіне қатысты осындай пікір білдіріпті, деп жазады Elorda.info.

«Кенесарының бас сүйегі Қостанайдан шығып қалуы мүмкін» деген ойды орыс ғалымдары айтыпты. Алаштанушы олардың сөзінің де жаны бар екенін жоққа шығармайды. Өйткені, Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдары неміс әскері Мәскеу түбіне жақындап қалғанда, Эрмитаждағы жәдігерлер эшелонмен жан-жаққа жөнелтілген. Соның бір бөлігі Қостанайға жол тартқан.

Сондай-ақ ғалым жәдігерлерді көшіріп жатқанда «қазақтың ханының бас сүйегі өз еліне қарай жақындай берсін» деп бүйрегі бұрған бір адам болған шығар» деп иланғысы келгенін де жасырмайды.

Еске салсақ, «Кенесары ханның бас сүйегі Омбы музейлерінің бірінен табылды» деген бейресми ақпарат тараған болатын. Бірақ бұл жаңалық әлі де ресми түрде расталмады.

Дегенмен Қостанай облысы аумағында Кенесары ханға қатысты жер атаулары, тарихи оқиғалар көп.

Абылай МАУДАНОВ

-->

Кунсткамераның антропология бөлімінің басшысы «мұндағы бас сүйектер 1941-42 жылдары бес бағытқа көшірілді. Олар Омбы, Тобыл, Смоленск, Самарқан және Қостанай қаласына жіберілді. Оларға кеткен жәдігерлердің көбінің дерегі белгісіз, қайтпай қалғаны да бар. Өзіміз де кейбір экспонаттарды таба алмай қалатын кездеріміз болады. Мысалы, Түрікменнің бір батырының бас сүйегі Самарқан арқылы Ашхабадқа, яғни, өз еліне жеткенін білдік» деп айтқаны бар-тын. Мен бұған дейін бірінші Омбыдан іздеу керек деген ойымды айтып келдім. Бұл жайлы сұхбат та бердім. Егер Омбыдан дерегі шықпаса, Қостанайды зерттеу қажет. Ал одан табылмаса Смоленкс, Тобыл, Самарқанды шолу керек. Қалай болғанда да, ханның бас сүйегі жоғалып кетуі мүмкін емес, — дейді профессор Тұрсын Жұртбай.