Ресейдің көздегені Украина емес...
Еліміз осы жылы күрделі демократиялық саяси трансформация науқанын өткізуде. Бұған Ресейдің батыспен геосаяси кеңістікте алысып-жұлысуы түрткі болды. Әсіресе, Украина аумағының қарулы әскери элементімен «саяси рингке» айналуы - көрші елдер тұрмақ, жалпы жаһан елдерінде әлемдік саяси-экономикалық катоклизмдердің қалыптасуына әкеп соқты. Әрине, Ресейге Украина жерінің керегі шамалы.
Егер расымен Ресей окуппациялық операциясын жүргізетін болса, осыдан бір жыл бұрын 150 мыңдық әскер емес, бірден миллионнан астам кәсіби әскерін кіргізіп жіберуге шамасы жететін еді. Осылайша, әлемнің екінші әскері атанған Ресей қиындықсыз Украинаны басып ала алады. Олай болған жоқ, ендеше 2022 жылғы Ресейдің көрші елге қарулы агрессиясының нәтижесіздігі деп көпшілік асығыстықпен қалпағын аспанға лақтырып жатуы - қатты қателескендігі болмақ.
Бұл қарулы қақтығыс жағдайында Ресей үшін әйгілі боксшымыз Геннадий Головкиннің бокстасу стилі сықылды 12 раундқа дейін уақытты созып, шыдап бағып, жалғыз Украинаны емес, артында су бүркіп тұрған тұтас АҚШ-пен қосқанда, батыс елдерін экономикалық жағынан құлдыратуға итермелеу тұр.
Дәл осы экономикалық құлдырату қазір әлемдік экономикада өз әсерін беріп жатыр. Дәлірек айтсақ, қажетті энергетикалық ресурстардың тапшылығы байқалып, шетелдік инвестициялық айналымның тежелуі, сауда компаниялары мен туризмнің тұралауы, экспорттық салықтар мен түсімдердің, тарифтердің қайта қаралып жедел өсуі, ішкі әлеуметтік күйзелістердің өршуі, протестік ошақтардың көбеюі, т.с.с. факторлар, дамушы ғана емес, дамыған елдердің экономикалық даму өсіміне, инфляцияларының соңғы жылдары едәуір өзгеруі орын алуда. Мысалы, АҚШ-та 7,5-8 пайыз, еуропалық қауымдастықта 9-11 пайыздық, Қазақстанда 17-24 пайыздық инфляция деңгейі өсу қарқыны қоғамда ерекше сезіледі.
Қарулы қақтығыстардың мақсаты
Ресейге жасалған санкциялар, онсыз да табиғатынан қара нан мен қара суға шыдап отыра беретін Ресей билігі үшін дым да емес. Ресейдің күткен пиғылы да осы. Бұл геосаяси тартыстардың шеңберінде Ресей, АҚШ және батыс елдерімен алдағы уақытта жалғыз күреспейді. Путиндік биліктің мақсат-мұраты – жаһанды экономикалық дағдарысқа тұтасымен батыру, сонысымен бұрынғы екі полярлы әлемді қайта орнататын, әсіресе, империалистік ниеттегі Ресеймен санасуды жасақтау болмақ.
Егер тарихтың циклдік толқындарына сілтеме жүргізсек, бүгінгі Ресейдің көксегені кешегі 19-ғасырдағы Наполеонның жорығын қайтарғанындай, «Еуропаның жандармы» атанған император Павелдің кезеңін немесе азулы сөзі мен саяси түкірігі жерге түспеген Александр патшаның даңқты дәуірлерін жаңғыртқысы келетіндерін байқау қиын емес. Сөйтіп, мұқым әлемдік билеу форматтық үрдісін қайта жасақтау ниеті тұрмақ. Осы жайында өткен ғасырың 70-80-жылдары Генри Киссенджер мен Збигнев Бжезинскийлер өз еңбектерінде ерекше тоқталып өткен болатын.
Егер бүгінгі созылмалы қарулы қақтығыстардың күтпеген алғашқы нәтижелері орнай бастаса, алдағы 2024-2025 жылдарда АҚШ-пен өз есебі бар Қытай, Иран, Сирия, Солтүстік Корея сияқты елдерді алғанда, Оңтүстік Тынық мұхиты елдерінің өз еркімен Ресей жағына шығуы қалыптасады.
Сонымен қоса, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аумағында путиндік Ресей билігінің ұсынысымен, кешегі КСРО қаңқасында жаңа саяси одақтастықтың орнау ауылы да алыс емес деген сөз. Өйткені, осы кезеңде аймақтық геосаяси деңгейде, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің нақты бір жақтың полюсін еріксіз таңдауына тура келеді.
Сондықтан геосаяси контекске сыймайтын - қазақстандық қоғамдағы орыс тілінің мәртебесі, ресейлік мобилизациялық миграция, БҰҰ-да Қазақстан өкілдігінің қарсы дауыс берген-бермегені жайлы, ресейлік Соловьев сияқтылардың ақпараттық шабуылдары сияқты құбылыстар, тұтас алғанда, күрделі мәселелердің бергі жағындағы тек иммитациялық һәм дипломатиялық көріністері ғана. Яғни, жоғарыда айтқан путиндік Ресейдің планетарлық екі полярлық жаңа форматты орнату бастамаларының (қарулы қақтығыстармен) қасында түк те емес.
Геосаяси ойындардағы Қазақстанның орны
Осы үдерісте Қазақстан сыртқы саясатында, экономикалық даму бағытында, ішкі саясатын қалыптастыруда қалай қимылдау керек деген нақты сұрақтарға мән беру керек. Уақыт өте тапшы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сыртқы байланыстарда дипломатиялық қабілеті барынша жоғары сапада жүруде. Оны былтырғы халықаралық қатынастардағы көптеген кездесу мен келісімдердің орнауынан көруге болады.
Ал ішкі саясатта, әсіресе, конституциялық өзгерістердің 16 наурыз Жолдауында орын алуы, 5 маусым референдумы арқылы жан-жақты саяси трансформация бастамалары, 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы кешенді экономикалық түбегейлі фундаменталды қайта жасақталулар сыртқы әсерлерге тойтарыс берудің ұлттық иммунитеті болмақ. Әрине, идеологиялық-рухани күшті қоғамды бекіте беру де күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осының барлығы елдің ақпараттық-экономикалық қауіпсіздік белдеуінің жасақталуына әкелуі тиіс.
Бүгінгі қоғам саяси элиталар мен аймақтық кландардың біртұтас «Ұлттық келісім» форматында жасақталуы тиіс. Ішіміз бүтін болмай, сыртқы ортақ қиындықтармен күресу мүмкін емес жағдай. Егер ішіміз түтін болып жатса, онда Ресей не Қытай сияқты ірі геосаяси ойыншылардың еріксіз ойыншығына айналып кетудің де қаупі жоғарылайды.
Мұндай ұлттық қауіптер Абылай заманында да болды. Сол себепті, ұлттық деңгейде бағамдап, ертеңгі күнмен адымдап жүріп, анық басу маңызды. Сол үшін де бүгінгіні саралап, ертеңгіге дайын болған абзал.
Осы ретте, елді басқарған әрбір басшының өз кезеңінде ерекше саяси қыметі болады. Бүгінгі ел басшысының дипломатиялық қабілеті мен қарқынды бастамалары ел тарихында үлкен рөлін атқаруда.
Мақсат ЖАҚАУОВ, саясаттанушы
-->Еліміз осы жылы күрделі демократиялық саяси трансформация науқанын өткізуде. Бұған Ресейдің батыспен геосаяси кеңістікте алысып-жұлысуы түрткі болды. Әсіресе, Украина аумағының қарулы әскери элементімен «саяси рингке» айналуы - көрші елдер тұрмақ, жалпы жаһан елдерінде әлемдік саяси-экономикалық катоклизмдердің қалыптасуына әкеп соқты. Әрине, Ресейге Украина жерінің керегі шамалы.