Рим Папасы еліміздегі кедейлік проблемасын төтесінен қойды – Мәжіліс депутаты
Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Рим папасы Франциск туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
-->Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Рим папасы Франциск туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Мейірімді, кіршіксіз жан. Маған бұл тұлғаның қарапайымдылығы ұнайды. Бет-әлпетінде керемет адамсүйгіштік бар. Елімізге келіп, Абайды бізге европалық қырдан ашып бергендей болды. Кедейлік проблемасын төтесінен қойды. Әлемдегі химиялық элементтердің бәрі бар елдің халқы кедей. Рухани әлемімізді байыта отырып, өзара көмек, ықпалдастығымызды арттырудың маңызы айтылды. Қазақстан мәдениет пен адамдардың «кездесетін» орны. Бұл рухани миссия және дипломатиялық артықшылық. Плюрализм мен сан салалы пікірсайыс жасай отырып, рухани тұғырымыз, мемлекеттік бірлік тұжырымын да ұмытпау маңызды, - деп жазды депутат өзінің facebook-парақшасында.