Астана атауын қайтаруға қатысты Бақытбек Смағұл өз пікірін білдірді
Астана атауын ауыстыруға қатысты Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, бұл ұсынысты кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.
Бақытбен Смағұл астананың Нұрсұлтан Әбішұлының атымен аталғанын қолдаған азаматтардың бірі болатын.
Ал сөз соңында депутат мұны халық арасында дауға айналдырудың қажеті жоқ екенін айтты.
-->Астана атауын ауыстыруға қатысты Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Кезінде «Астана» атауын өзінің атына өзгертуге Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қарсылығын білдірген болатын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұсынысымен бұл «Нұр-Сұлтан» қаласы болып өзгертілді. Ал бүгінгі таңдағы оның атына өзгеруі емес, жалпы әділеттілікті қайта қалпына келтірудегі бұрынғы атауымен қайта атау. Сондықтан да бұл жерде ең бірінші бір топ депутат өздерінің ұсынысын айтты. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының Ономастикалық комиссиясымен мақұлданып, бұл мәселе шешімін тапты, - деді Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл.
Айта кетейік, бұл ұсынысты кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын.
Қазіргі әділетті Қазақстандағы жалпы халықтың өзінің сұранысы бойынша бұл соны қалпына келтіру деп ойлау керек. Дегенмен бұл жерде Нұрсұлтан Әбішұлының Астана қаласына сіңірген Тәуелсіздк жылдарындағы еңбектерін тәрк етіп, жоққа шығару емес деп ойлаймын. Өзім қолдағанмын және сол ойымдамын, - деді депутат.
Бақытбен Смағұл астананың Нұрсұлтан Әбішұлының атымен аталғанын қолдаған азаматтардың бірі болатын.
Бүгінгі жағдайда Президенттен бастап осы мәселені қайта қарап жатқаны – халықтың пікіріне құлақ асып, яғни халықты тыңдайтын Үкімет есебіндегі өзінің жаңа көзқарасы деп ойлаймын. Сондықтан да қазір аталып жатыр. Оған қайтадан бұрынғы атауын берудің еш сөкеттігі жоқ деп есептеймін. Өзге атау беріп жатқан жоқ, - деді ол.
Ал сөз соңында депутат мұны халық арасында дауға айналдырудың қажеті жоқ екенін айтты.
Мұны даурықпа қылудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұрынғы Президенттің еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Себебі Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі бар, - деді Бақытбек Смағұл.