Көзқарас

БАҚ туралы заң кәсіби журналистикаға кедергі келтірмей ме (ВИДЕО)

Подкасттың алғашқы спикерлері – журналистер Жайна Сламбек, Нұрмұхамед Байғара және Самал Ибраева болды.

Әріптесінің пікіріне Самал Ибраева да қосылды. Оның айтуынша, БАҚ туралы заң – биліктің журналистерді бақылау үшін ойластырған манипуляциясы.

Осы орайда Жайна Сламбек әңгімеге араласты.

Қысқасы, журналистикаға қатысты осы және өзге де мәселелер сөз болып, спикерлер өз ой-пікірлерін бүкпесіз ортаға салды.

-->

Подкасттың алғашқы спикерлері – журналистер Жайна Сламбек, Нұрмұхамед Байғара және Самал Ибраева болды.

Менің ойымша, журналистің статусы, блогердің статусы секілді ұсыныстар айтылып жатыр. Сол секілді БАҚ туралы заңда блогерді БАҚ-тың деңгейіне көтеру деген секілді ұсыныстар... бұлардың барлығы қағазда жазылғанымен, ертең мүлдем жұмыс істемейтін заңның біріне айналуы мүмкін. Өйткені блогер өзінің курсын сатып жатыр, жарнамасын жүргізіп жатыр. Оған статус керек пе, керек емес пе – оған назар аудармайды. Бастысы, контенті оқылым немесе қаралым жинап жатса, оған ақы төленіп жатса – болды.

Ал журналистердің қиналатын тұсы, ол мемлекеттік органдарға өтініш жіберген кезде, соңғы өзгеріс бойынша, жауабын 14 күн күтеді. Ол үшін о бастағы 3 күн дегенге келтіре отырып, қалғанының барлығы ҚР-да цензураға тыйым салынады деген бір ғана сөздің аясымен тарқатылып кетуі керек деп ойлаймын. Әйтпесе бұл заң бәрін тәптіштеп жазатын аса бір қажет құжат емес, - дейді Нұрмұхамед Байғара.    

Әріптесінің пікіріне Самал Ибраева да қосылды. Оның айтуынша, БАҚ туралы заң – биліктің журналистерді бақылау үшін ойластырған манипуляциясы.

БАҚ туралы заңды биліктің БАҚ-ты, журналистерді бақылау үшін, бір шеңберде ұстау үшін ойластырылған манипуляциясы деп қабылдаймын. Мәселен, АҚШ-та 1966 жылы 4 шілдеде қабылданған Ақпарат бостандығы туралы заң бар, болды. Бұдан басқа журналистерді бақылайтын, қадағалайтын заң жоқ... Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынған заңда блогерлерге, телеграм арналарға БАҚ статусын беру туралы мәселелер көтерілді. Менің ойымша, блогер деген кім, журналист деген кім – осының аражігін ажырату керек. Елдің бәрі ақпарат таратады. Арасында фейк ақпараты бар, жалған емесі бар. Ешқандай жауапкершілік жоқ. Өзімізде кішкентай сайт болса да, біз жауапкершілікті түсінеміз. Кез келген уақытта қате ақпарат үшін терістеме беруге болады, сотқа беруге болады... Қазіргі уақытта блогеры бар, басқасы бар, оларға бақылау жоқ. Әртүрлі анонимдік арналар жауапкершілік алмайды, - дейді Самал Ибраева.

Осы орайда Жайна Сламбек әңгімеге араласты.

Онсыз да бар ғой тыйымдар. Мемлекеттің тұтастығына қарсы әңгіме айтуға болмайды, адамдардың арасында әлеуметтік араздық тудыруға болмайды. Жауапкершілік дегенде ол БАҚ туралы заңсыз-ақ реттелген дүниелер ғой. Адамзаттық құндылықтарға байланысты ережелер бар. Журналистің моральдық жауапкершілігі бар. Неге біз ол бойынша білгілі бір ережелер жазып, оны заң жүзінде бекітіп қоюымыз керек?! – деді журналист.

Қысқасы, журналистикаға қатысты осы және өзге де мәселелер сөз болып, спикерлер өз ой-пікірлерін бүкпесіз ортаға салды.