Көзқарас

Кәрімбек Құрманәлиев: Ұлттық ғылым академиясына тығыз байланыс орнату ұсынылды

-->

2022 жылы 1 маусымда өткен Ұлттық ғылым академиясынының мерекелік жалпы жиналысында Президент академияға мемлекеттік мәртебе берілетіндігін, елімізде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындайтын, ғылыми сараптама жүргізетін, ақыл-ой орталығына айналатынын айтып, Үкіметке мемлекеттік мекеме құру туралы тапсырма бергенін тілге тиек етіп еді. Енді, міне, Академияға жаңа міндеттер жүктеліп отыр. Еларалық ынтымақтастықты дамыта отырып, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру күн тәртібіне көтеріліп отыр. Ендеше, ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында Орталық Азия мемлекеттері ғалымдарын мұрағаттық деректермен дәйектелген зерттеу жұмыстарына жұмылдыруда Ғылым академиялары атқарар игілікті істер өз нәтижесін береріне сенім мол, - деді Ұлттық құрылтай мүшесі.