Көзқарас

Халық саяси мәдениеті жоғары екенін көрсетті – Зұлпыхар Ғайыпов

Айта кетейік, Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жариялады. Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады.

-->

Баршамыз  референдумға қатысу арқылы мемлекетіміздің басты құжатына сенім білдірдік. Халық дауыс беру учаскелерінде жаңашыл реформаларды қолдады. Бұл өзгерістер әрбір ел азаматы үшін өзінің ертеңіне, болашақ ұрпағының өмірі жақсырақ болуына деген үлкен сенімді көрсетті. Кезінде Күлтегін бабамыз «бегі – еліне, елі бегіне сенген халық ұзақ жасайды» деп айтқан екен. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл саяси қадамы әрбір қазақстандықтар үшін маңызды болды. Еліміздің болашағы одан да жарқын болатынына халық сенімді, – дейді Зулфухар Сұлтанұлы.