Көзқарас

Қант «дефициті» қолдан жасалуы ықтимал – Мәжіліс депутаты

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров өзінің facebook-парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, жетіспеушілік қолдан жасалған. 

Ерлан Саиров бұл мәселені құқық қорғау органдары мұқият тексеруі тиіс екенін атап өтті.

-->

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров өзінің facebook-парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, жетіспеушілік қолдан жасалған. 

Дәл қазір, дүниедегі  турбуленттілікке байланысты Қазақстанда  экономикалық жағдай күрделіленіп отыр.
Ресейдің экономикалық жағдайы төмендеп барады. 
Ресей ішінде  көптеген жаппай тұтынатын товарларды сатуға шек қойып отыр.
Көрші елдің облыстарынан азаматтар бізге келіп магазиннен азық- түлікті «сыпырып» жатыр. Біздің елге келіп, долларды жаппай сатып алу әрекеттері де жоқ емес.
Мемлекет өзіміздің ұлттық экономикалық мүдделерімізді қорғау, халқымыздың қажетті товарларға қол жетімдігін  сақтау үшін нақты қадамдар жасауы қажет. 
Қазақстан ішінде ажиотаж, дефицит туғызып, халықтың наразылығын туғызу фактілері де болуы мүмкін. Реваншистік топтар, осыны пайдаланып, Қазақстанды «шайқалту» әрекеттерін жасауы ықтимал.
Қазақстан  мемлекетіне қарсы әрекеттер жасау толастаған жоқ!
Қанттың «дефициті» қолдан жасалуы ықтимал, – деп жазды мәжілісмен. 

Ерлан Саиров бұл мәселені құқық қорғау органдары мұқият тексеруі тиіс екенін атап өтті.

Сонымен бірге Үкімет бағаны ұстап тұру, халық жаппай тұтынатын товарлардың қорын жасау мәселесін шұғыл шешуі керек. Керек болса, халқымыздың біразына «азық- түлік субсидиясы» мен «тегін корзиналар» таратуды да ойластыру керек.
Қазір еліміздегі тұрақтылық пен ықпалдастықты сақтау керек.
Бүгінгі ең басты мәселе тұрақтылықты сақтай отырып, «үшінші күштерге» мемлекет ішінде «қайықты шайқалтуға» жол беруге болмайды, – деді ол.