Перуашев: «Назарбаев – зейнеткер, енді Тоқаевты қолдаймын» (ВИДЕО)
Депутат бұл туралы Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Перуашевтің пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев елде болған төңкеріске жалғыз өзі қарсы тұрған. Ал Үкіметке жаңадан тағайындалған министрлер – Тоқаевпен кезінде бірге істеген, өзі жақсы танитын адамдар.
Перуашев бүлік кезінде көпшіліктің Елбасыны күткенін де атап өтті.
Назарбаевтың Мемлекет басшысы, тұңғыш президент ретінде орны, атқарған жұмыстары бар екенін алға тартқан депутат енді Тоқаевты қолдайтынын айтты.
Бүгінде Перуашев Назарбаевтың қайда екенін, неге үнсіз қалғанын білгісі келетінін жасырмады.
-->Депутат бұл туралы Qasqa Jol YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Перуашевтің пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев елде болған төңкеріске жалғыз өзі қарсы тұрған. Ал Үкіметке жаңадан тағайындалған министрлер – Тоқаевпен кезінде бірге істеген, өзі жақсы танитын адамдар.
Ендігі Үкіметті Тоқаевтың үкіметі деп айтуға болады, – дейді депутат.
Перуашев бүлік кезінде көпшіліктің Елбасыны күткенін де атап өтті.
Бәріміз Елбасы халық алдына шығып үндеу жасай ма деп күттік. Ондай болған жоқ. Әрі қарай не боларын көрейік. Ол кісі барша міндетін тапсырды. Тіпті Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын тапсырды. Әрі қарай ол – қатардағы зейнеткер. Мемлекеттің ішінде оның құзыреттері қалмады. Әрі қарай тек осы Президентпен жұмыс істеуіміз керек, – дейді ол.
Назарбаевтың Мемлекет басшысы, тұңғыш президент ретінде орны, атқарған жұмыстары бар екенін алға тартқан депутат енді Тоқаевты қолдайтынын айтты.
Біз оны қолдауымыз керек. Себебі төңкеріс әрекетіне қарсы тұрған тек Тоқаевтың өзі, – деді ол.
Бүгінде Перуашев Назарбаевтың қайда екенін, неге үнсіз қалғанын білгісі келетінін жасырмады.