Көші-қон комитетінің төрағасы Асет Шоновтың айтуынша, кейінгі екі жылда Қазақстанда көші-қон сальдосы оң көрсеткішті көрсетіп отыр.
"2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы +7,7 мың адам болды. Елге 11,3 мың адам келсе, 3,5 мың адам елден кеткен. Көші-қон өсімі негізінен елдер бөлінісінде ТМД елдері мен Қытайға тиесілі. Сонымен қатар, жаһандану үдерісінің әсерінен білікті кадрлардың кетуі үрдісі әлі де сақталып отыр. Қазақстан азаматтарының кетуінің негізгі бағыттары: Ресей – 8,7 мың адам, Германия – 2 мың адам", – деді ол.
Комитет төрағасы сыртқы көші-қон ағындарының оң серпінге ие екенін айтты.
"2023 жылдан бастап шетелге жұмыс істеу мақсатында кететін Қазақстан азаматтарының санының төмендегені байқалады", – деді Асет Шонов.
2025 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, шетелде еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары – 126 531 адам.
Қазақстан азаматтарының басым бөлігі мына елдерде еңбек етіп жатыр:
Ресей Федерациясында – 102 460 адам,
Корея Республикасында – 15 790 адам,
БАӘ – 2 997 адам,
Ұлыбританияда – 1 912 адам.