Қоғам

Табиғат Зейнұлқабден: Республика күні - Тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің символы

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Instagram парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің, ел дамуы мен өркендеуінің символы.

Астана – еліміздің жүрегі, жаңару мен жасампаздықтың айғағы. Қала тұрғындарының еңбегі мен бірлігі арқасында бас қаламыз күн санап көркейіп келеді.

Осы мереке баршамызға қуаныш, Отанға деген мақтаныш пен сенім сыйласын!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, татулық пен мол табыс тілеймін!

Мерекелеріңізбен!

Республика күні құтты болсын!», - деді ол.