Қорғаныс министрлігі запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау ережелерін өзгертті
Қорғаныс министрлігінің бұйрығымен 2025 жылдың 31 шілде айында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларына өзгерістер енгізілді. Түзетулер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz
Атап айтқанда, әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түскен жылдың 1 ақпанынан бастап «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтініш беретіні нақтыланады.
Egov.kz арқылы ЭЦҚ қол қойылған немесе ұялы телефон тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік құпия сөзбен куәландырылады.
Қызметті беруші арқылы жүгінген жағдайда студент қосымша құжаттарды тапсырады:
белгіленген үлгіге сәйкес қабылдау туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
өлшемі 3х4 сантиметр фотосурет-4 дана;
соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
факультет пен мамандықты көрсете отырып, ЖОО-да нақты оқу туралы анықтама.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, электрондық фотосурет туралы мәліметтерді, жеке тұлғаның соттылығының болуы не болмауы туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметті 5 жұмыс күні ішінде тегін көрсетеді.
Өтінішті қабылдау 30 маусымға дейін жүзеге асырылады.
ЖОО қызметкері әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студенттің құжаттарын тапсырған күні құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады. Студент толық емес пакетті немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды қабылданбайды.
Қызмет беруші 5 жұмыс күн ішінде түскен өтініштерді толық тексергеннен кейін кандидаттар тізіміне қабылдау үшін құжаттарды қабылдайды немесе бас тартады.
ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде, қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын-ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін алдын-ала шешім туралы, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты, күні мен орны мен тәсілі туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Хабарлама берілген күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешіктірілмей тыңдау жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша қызметті алушыға қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы қол қойылған электрондық құжат нысанында немесе қағаз нұсқасындағы жеткізуде оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында әскери кафедраларға түсу үшін кандидаттарға қабылданғаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз бола алады:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мекемеаралық сұраныс жасауға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабының болуы;
қызметті алуды талап ететін қызметке тыйым салу туралы күшіне енген сот шешімінің болуы;
мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру туралы соттың күшіне енген шешімінің болуы.
Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету органы әскери даярлау жүйесінің сатысы туралы деректерді Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Қағидаларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген кезде әскери білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына, бірыңғай байланыс орталығына және көрсетілетін қызметті берушіге осындай өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат жібереді.
Бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сара Қамзаева