Қоғам

Мемлекеттік қызмет алуда мүмкіндігі шектеулі жандар әуре-сарсаңға салынбауы тиіс

Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді.

Осы орайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті 2024 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 29 бастамашылық ұсыныс әзірлеген болатын.

Мысалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған процедураларды оңтайландыру, яғни арнаулы жүріп-тұру құралдармен қамтамасыз ете отырып мүгедектігі бар адамның жеке реабилитациялық жоспарында протез алу көрсетілген болса және де аталған құралдарды пайдалану мерзімі өткеннен кейін, өтініш беруші протездерді жаңа технологиялық (модульдік) шиналы былғарыға ауыстырғысы келген жағдайда ақпараттық жүйеде алдыңғы мәліметтер көрінбеуі себепті жеке реабилитациялық жоспарына түзетулер мен өзгерістер енгізу қажет болған (алдыңғы берген өтініші ақпараттық жүйеден өшіп кетуі себебінен).

Мәселені шешу жөніндегі ұсыныс ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарды әуре-сарсаңға салмау, уақытының үнемделуін және қайта жүгіну барысында бас тартуды болдырмау мақсатында бұрын алынған барлық деректердің ақпараттық жүйеде сақталуы бойынша жұмыстарды жүргізу болып табылады.

Осы ретте департаменттің ұсыныстары агенттікпен және жауапты министрліктермен тыңдалымдар өткізіліп, жиналыста талқыланып, қазіргі таңда осы қызметті енгізу бойынша бірқатар әрекеттер атқарылуда.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу бюрократияны азайту мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталғандығын атап өткен жөн.