Қоғам

Астанада жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыратын іс-шаралар жалғасып жатыр

Астанада жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

ЖААІШ барысында кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүру фактілері анықталды. Нақтырақ айтқанда, 300-ден астам жасөспірімнің сағат 23:00-ден кейін көшеде жүргені белгілі болды. Сонымен қатар ойын-сауық орындары, саябақтар мен гүлзарлар тексеріліп, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу шаралары қабылданды.

Айта кетейік, елордада жыл басынан бері 250-ден астам профилактикалық дәріс өткізіліп, оқушылар мен ата-аналарға құқықтық тәрбие мен заң талаптары туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған алдын алу шаралары жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың құқықбұзушылыққа бару деңгейін төмендетуге бағытталған.