Жолдау

Назгүл Мақжан: Президент экономиканың нақты секторын дамытуға баса назар аударып отыр

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Осыған қатысты «Мен халықпен біргемін» бағдарламасының авторы, саяси шолушы Назгүл Мақжан пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

 

 

Сарапшының сөзінше, Президент және оның әкімшілігі барлық сыртқы және ішкі тәуекелдерді дұрыс бағалап отыр. Соған сай республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа моделі ұсынылды. Жолдаудан байқағаным Президент экономиканың нақты секторын дамытуға баса назар аударып отыр

-->

 

Мемлекет басшысы бүкіл әлемде тіпті дамыған елдерде біздің елімізге теріс әсер етуі мүмкін елеулі экономикалық және әлеуметтік проблемалалар бар екенін анық айтып өтті. Жоғары инфляция, жұмыссыздық, әскери қақтығыстар, көші-қон хаосы, Еуропаның гүлденген елдерінде де әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкеліп отырғанына тоқталды,-дейді саяси шолушы. 

 

Сарапшының сөзінше, Президент және оның әкімшілігі барлық сыртқы және ішкі тәуекелдерді дұрыс бағалап отыр. Соған сай республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа моделі ұсынылды. Жолдаудан байқағаным Президент экономиканың нақты секторын дамытуға баса назар аударып отыр

Мемлекет басшысы экономиканың нақты секторын дамытуға баса назар аударды. Әсіресе шағын және орта бизнестің қарапайым кәсіпкерлері жұмыс орындарын ашып, тауарлар мен қызметтер өндірісін дамытуды алға тартты. Сол арқылы салық көлемі ұлғайатындығын айтты. Ең бастысы әр маманды бағалайды. Оның және отбасының мәселелерін білетіндігін көрсетті. ШОБ - ке барынша қолдау көрсетілетініне мен өте қуаныштымын, - деді Назгүл Мақжан.