Мақсат Толықбай: Жолдау – жаңа ұлттық экономика құруды көздейді
AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен кеңес өткізіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай жаңа құжаттың мәні мен маңызына тоқталып, оның ел экономикасын дамытуға қосар үлесін атап өтті.
-->Өз кезегінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, AMANAT фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай жаңа құжаттың мәні мен маңызына тоқталып, оның ел экономикасын дамытуға қосар үлесін атап өтті.
Мемлекет басшысының бұл Жолдауы – орындалу мерзімі қысқарған, нақты бағыттары айқындалған және тиісті міндеттер жүктелген маңызды стратегиялық құжат. Оның негізгі идеясы – әрбір адамның, кәсіпкердің құқығы қорғалатын жаңа ұлттық экономика құру. Президент Су ресурстары және ирригация министрлігін құру жөнінде аса маңызды шешім қабылдады. Бүгінде су тапшылығы – бүкіл әлемде ғаламдық проблемаға айналған ортақ мәселе. Ғалымдардың айтуынша, алдағы 40 жылда дүниежүзіндегі ең ірі соғыс осы суға таластан басталады, – деді халық қалаулысы.