Жолдау

«Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Әділет министрлігі бірлесіп пилоттық жобаны бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info

Алдағы уақытта «Хабарламалардың бірыңғай нүктесі» қызметі іске қосылады.

Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы екі министрліктің бірлескен бұйрығының жобасынан белгілі болды.

Жаңа жоба қазақстандықтарға ақпаратты тікелей тарату мақсатында қолға алынып отыр. Бұл жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар мен «Электронды үкімет» арасындағы байланысты күшейтіп, ақпарат алмасу тәртібі мен жеделдігін жақсартады.

-->

«Қазақстан азаматтарына «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері және ақпараттандыру объектілері арқылы хабарламаны алуға мүмкіндік беруді көздейтін «Хабарламалардың бірыңғай нүктесі»   сервисін құру үшін пилоттық жобаны іске қосылсын» делінген бұйрық жобасында.