Жолдау

Елордадағы Отбасын қолдау орталығында Президент Жолдауы талқыланды

Астана қаласы «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында «Жолдау түйіні – Жаңа Қазақстан» тақырыбында пікір алмасу жиыны өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға қоғам белсенділері мен көпбалалы аналар жиналды. Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб жиынға қатысушыларға мемлекеттік қызметкер ретінде өз пікірін білдірді.

Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік мәдени комитетінің мүшесі Әлия Әбсеметова Жолдауда айтылған бірқатар мәселені мысал келтіре отырып талқылады.

Жиында қаржыгер әрі сарапшы Сапарбай Жобаев, Президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Мұхит Асанбаев және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арайлым Рахымқызы да Жолдауға қатысты өз пікірлерін білдірді.

-->

Президентіміздің қыркүйектегі Жолдауында көп жаңашылдықтар болды. Еліміздегі әрбір мемлекеттік қызметкер үшін Жолдауда айтылған мәселелер және оларды шешу үлкен жауапкершілік деп білемін. Бірақ барлығын мемлекет жасайды деп отыруға да болмайды. Жаңа Қазақстанды құру үшін барлығымыз бірге іс-әрекет етуіміз қажет, - деді басқарма басшысы Илья Скуб.  

Парламент Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік мәдени комитетінің мүшесі Әлия Әбсеметова Жолдауда айтылған бірқатар мәселені мысал келтіре отырып талқылады.

Биыл Мемлекет басшысы Қысым-Жомарт Тоқаев  осымен бесінші  рет өз Жолдауын халыққа арнады. Жолдауда әрқашан әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлінеді. Осы Жолдауында Ұлттық қорда  әр бала үшін 18 жасқа дейін ақша жиналатынын естігенде мен де көп балалы ана ретінде қуандым. Бұл – болашақ балалар үшін қажетті қаражат болады. Сондай-ақ әйелдер үшін зейнетақы жасы 61 жасқа дейін төмендеді. Бұл 2028 жылға дейін өзгермейді. Іссапармен ауыл-аймаққа барсақ, әйелдер қауымы зейнеттік жастың 58 жас болуын қалайды. Біз бұл өзгеріске жетеміз деп ойлаймын, - деді Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова.