Асылбек Байжұмаұлы: Жолдауда айтылған әрбір бастама ел қолдауына ие болары анық
Қазіргі айналамызда болып жатқан әлемдік тұрақсыздықты ескерсек, Жолдауда қамтылған бағыттар елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға кепіл болады деп айтсақ артық емес. Егер Жолдауда көтерілген міндеттер жүйелі түрде орындалатын болса, нәтижесін қарапайым халық жақын-жуықта айтарлықтай сезінеді. Президент жаңа Жолдауында жер телімдерін пайдалану, су ресурстарына байланысты мәселелер мен кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударды. Жалпы халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін мәселелер көтерілді.
Айталық, халықтың ең бірінші арман тілегі – қоғамдық тәртіп, заңның үстемдік етуі. Жолдауда сот төрелігі әділ болуы үшін судьяларды да сайлау арқылы таңдау және үміткерлерді баламалы негізде ұсыну тәсілін енгізу қажет екені айтылды.
Екіншіден, ауыл шаруашылығын дамыту негізгі мәселе екенін атап өтіп, Үкіметке агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеу жөнінде арнайы тапсырма берілді. Қазақта «нан болмаса, ән болмайды» деген сөз бар. Болашақта азық-түлік өнімдері үлкен сұранысқа ие болатыны сөзсіз. Тіпті қазірдің өзінде әлемде астық тапшылығы туындап отыр. Осы орайда, ғалымдардың алдында үлкен міндеттер тұр деп ойлаймын. Жаңа құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігі аталған бағытқа баса көңіл бөліп, тың бастамаларды жүзеге асырса, отандық өнімнің табысы да арта түспек.
Адамның басты байлығы денсаулық екенін ескерсек, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының жағдайы әлі де мәз емес. Жолдауда алдағы екі жылда 650 ауылда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз ету айтылды. Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналатын болды. Аурудың азабын бір кісідей тартып жүрген шалғайдағы халық үшін бұл үлкен қуаныш деп білемін.
Жолдаудағы болашақ ұрпақ үшін айтылған және бір игілікті бастама – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы. 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасалатынын жеткізді. Сонымен қатар, Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлінеді. Аталған жоба 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылмақ. Әрине, біреулер үшін бұл болмашы дүние көрінуі мүмкін. Бірақ сонау ауылдағы қарапайым халық үшін недәуір көмек деуге болады.
Жалпы айтқанда, Жолдауда айтылған жаңа экономикалық саясатқа қатысты әрбір бастама ел қолдауына ие болары анық. Жаңағы айтылған ауыл шаруашылығы, су мәселесі, жол мәселесі, ұлт саулығы, білім беру салалары бойынша қарапайым халыққа жағдай жасау мейлінше ескерілген.
-->Қазіргі айналамызда болып жатқан әлемдік тұрақсыздықты ескерсек, Жолдауда қамтылған бағыттар елдегі саяси тұрақтылықты сақтауға кепіл болады деп айтсақ артық емес. Егер Жолдауда көтерілген міндеттер жүйелі түрде орындалатын болса, нәтижесін қарапайым халық жақын-жуықта айтарлықтай сезінеді. Президент жаңа Жолдауында жер телімдерін пайдалану, су ресурстарына байланысты мәселелер мен кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударды. Жалпы халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін мәселелер көтерілді.